- Басты
- Жаңалықтар
- ТҮҚЖБ салымшылары үшін 15 мың пәтер салынады
ТҮҚЖБ салымшылары үшін 15 мың пәтер салынады
Қ.Өскенбаев айтып өткендей, «Бәйтерек» Холдингі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында бес бағыттың төртеуіне қатысып жатыр. Несиелік баспана беру бағыты бойынша «Бәйтерек» Холдингі 2017 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу жолымен тұрғын үй құрылысын қаржыландыратын болады.
«2017 жылға облигацияларды сатып алу жоспары бойынша 28,8 млрд теңгеге әкімдіктердің 69,6 млрд теңгесі сатып алынды. Осылайша, ертерек бөлінген қаржының барлығы игерілді», - деді Қ.Өскенбаев.
Ол айтып өткендей, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 2017 жылдың 1 тамызында бұған дейін қолданыста болған барлық тарифтік бағдарламаларды біріктірген «Баспана» бірыңғай тарифтік бағдарламасы іске қосылды. Ал бұған дейін 3, 5.5, 8.5, 15 жылдар кезеңіне бөлінген 4 тарифтік жоспар болған.
Қазіргі уақытта адамның өзі қанша жыл жинайтынын, қаржылық мүмкіндігіне қарай тұрғын үй қарызын қандай пайызда алғысы келетінін өзі шешеді. Сонымен қатар, биылғы жылғы қыркүйекте өз платформасында
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық клиенттерін, құрылыс компанияларын және мемлекеттік органдарды біріктіретін «Баспана.kz» жылжымайтын мүлік интернет-порталы іске қосылды. Енді қазақстандықтар қашықтықтан «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру шарттары бойынша онлайн-консультация, дайын және салынып жатқан нысандар, шаршы метр және Банк өнімдері туралы ақпарат ала алады», - дедi Өскенбаев.
Сондай-ақ, әкімдіктер айналымындағы қаржыға жыл сайын ТҮКЖБ салымшылары үшін 15 мың пәтер салынатын болады.
«Qiwi, Paypoint терминалдарының көмегімен шотты толықтыруға болады. Балама арналар бойынша банк төлемінің 30% өтеді. 2016 жылы 621 мың онлайн-төлем, 2017 жылғы қарашадағы жағдай бойынша 760 мың төлем жасалған», - деді ол.
Оның айтуынша, 2017 жылғы мамырдан бастап QR-код арқылы төлемнің жаңа тәсілі іске қосылды. Бұл клиенттерге мобильді телефон арқылы депозитті толықтыруға мүмкіндік береді. Барлық төлемдер клиенттер үшін 3 минут ішінде комиссиясыз өтеді. Бұл функция депозитті толтыру функциясына ғана қолданылады. Жақын уақытта ҚТҚЖБ QR-код арқылы қарызды өтеу функциясын енгізбек.
Жалпы, атқарушы директор айтып өткендей, 2017 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша «Бәйтерек» Холдингі «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес жоспарланған индикаторларға қол жеткізді.
Қайрат Жандыбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды