- Басты
- Жаңалықтар
- ИДМ Қазақстанның тау-кен өндіру секторындағы Индустрия 4.0 технологиясына көшуге дайын кәсіпорындарды атады
ИДМ Қазақстанның тау-кен өндіру секторындағы Индустрия 4.0 технологиясына көшуге дайын кәсіпорындарды атады
ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Алик Айдарбаевтың айтуынша, Индустрия 4.0-ге көшуге дайын өңдеу өнеркәсібі мен ТМК кәсіпорындарының 600-ден астамы зерттелді.
«Зерттеу нәтижелері бойынша отандық өнеркәсіпті автоматтандыру мен цифрландыру тұрғысынан айтарлықтай мүмкіндіктер бар екені анықталды. Өңдеу өнеркәсібінің шамамен 20%-ы Индустрия 4.0 технологияларын енгізуге қажетті технологиялық, ұйымдастырушылық және кадрлық базаға ие. Тау-кен өнеркәсібінде жағдай әлдеқайда жақсы. Онда бұл көрсеткіш шамамен 40%»,-деді Алик Айдарбаев.

Сондай-ақ, талдау барысында, Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге кедергі болатын фаторлар анықталды.

Бұған цифрландырудың экономикалық артықшылықтарын түсінбеу, цифрландырудағы автоматтандырылған отандық әзірлемелердің және құзыреттіліктердің нашар дамуы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, қаржылық ресурстардың шектеулілігі және инфрақұрылымдық шектеулер жатады.


Индустрия 4.0 технологиясын енгізуді кеңінен таныту және бизнестке септесу үшін көрсетілім алаңына айналатын цифрлы фабрикалар құрылады.
«Жыл соңына дейін пилоттық жобаны іске асыратын кәсіпорындар іріктеледі. Мұндағы іріктеу критерийлеріне өндірістің техникалық жағдайына ғана емес, кәсіпорынның өзі цифрлық технологияларды одан әрі енгізуге және кәсіптік дағдыларды дамыту дайындығы, кадрлардың біліктілігі де кіреді. Әрбір таңдалған кәсіпорын үшін кешенді техникалық аудит өткізіледі. Бұл әр жағдайда цифрлау мүмкіндігін көрсетеді. Тиісінше, цифрландыру үшін тиісті жол карталары әзірленетін болады»,-деді бірінші вице-министр.

Бұл жобаны жүзеге асыру: отандық техникалық мамандардың құзыреттілігін арттырады және нақты жобаларды іске асыру тәжірибесіне практикалық кедергілерді анықтайды.











А. Күзекбай
Фото, видео: Азамат Әлиев
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері