- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ –да электронды сандық кітапхана іске қосылады
«ҚТЖ» ҰК» АҚ –да электронды сандық кітапхана іске қосылады
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ғылыми-техникалық ақпарат және сараптау орталығының директоры Наталия Смольянованың айтуынша, «сандық технологиялы кітапхана жобасын жүзеге асыру iOS и Android операциялық жүйесіне мобильдік қосымша енгізу арқылы техникалық ақпараттарға Компания қызметкерлері әлемнің кез-келген түкпірінде жүріп, қол жеткізе алады».
Қазіргі кезде ҒМТ БАЖ корпоративтік желі арқылы ғылыми-техникалық ақпараттарға, нормативтік- техникалық құжаттарға, бейне конференцияның құжаттарына қол жеткізуге болады.
«ҒМТ БАЖ арқылы Орталықтың барлық бағыттарын практикалық түрде автоматтандырып қана қоймай, (рационализаторлық, ақпараттық, баспалық, мұражайлық) білім қорының қоймасы болып та қала береді»,- дейді Н. Смольянова.
Автоматтандырылған жүйесі тұрақты түрде толықтырылатын мәліметтерден тұрады. Оның ішінде электрондық оқулықтар, кітаптар, безендірілген шолулар, 70 түрлі басылымдағы теміржол саласына арналған өзекті тақырыптағы толық мәтіндер, бейне фильмдер, құқықтық –нормативтік құжаттар, көршілес мемлекеттердегі теміржол саласындағы үздік техникалық және технологиялық жаңалықтар туралы ақпараттар жарияланады.
Н. Смольянованың хабарлауынша, «Компания мұндай ақпараттық технологияны Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымына(ТЖЫҰ) мүше елдердің темір жолдары ішінде алғашқысы болып бастап отыр. Бірқатар теміржол әкімшіліктері ақпараттық жүйені автоматтандыру бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдіріп отыр. Таяу болашақта «ҚТЖ» ҰК» АҚ ҒМТ БАЖ жүйесіне ықпалдасып ТЖЫҰ жүйесіндегі мүше елдердің ғылыми-техникалық ақпарат алмасудың бірыңғай жүйесі жасалатын болады».
Қазіргі таңда Компанияның техникалық кітапханасы қорында жүзден астам мерзімді басылымдар мен 800 мыңнан астам кітаптары бар. Келесі жылы SAP, бизнесті трансформациялау, IТ-технологиясы, логистика, персоналды басқару және технологиялық әдебиеттер сатып алынады.
«Ақпараттық технологияларды өндіріске енгізу Компания қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіруге елеулі үлес қосады. Жұмыс тиімділігін көтереді»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақпараттық және сараптамалық ғылыми-техникалық орталығының басшысы Н. Смольянова.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады