- Басты
- Жаңалықтар
- Ағаш отырғызудың жыл сайынғы көлемін 80 мың гектарға жеткізу жоспарланған
Ағаш отырғызудың жыл сайынғы көлемін 80 мың гектарға жеткізу жоспарланған
Орман қорын сақтау мақсатында 2004 ж. жұмыр ағаш экспортына тыйым салынды, 2015 жылы сексеуіл ормандарында ағаш кесудің барлық түріне 2018 ж. дейін мораторий жарияланды, сонымен бірге сауда орындарында сексеуіл сатуға және ағашы өртенген жерлерді қалпына келтіруді қоса алғанда, қылқан жапырақты ормандарда санитариялық мақсатта ағаш кесуге тыйым салынды.
2003 жылы 22 млн. га немесе мемлекеттік орман қорының жалпы алқабының 79%-ы, 123 орман шаруашылығы мекемесі облыстар әкімдіктеріне берілген.
«Алматы, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, осы жылдар ішінде әкімдіктер орман шаруашылығының жай-күйін жақсарту жөнінде шаралар қолданбады», - деп атап өтті Қайрат Үстеміров.
Оның сыртында орман пайдаланушылар ағаш отырғызу және өртке қарсы іс-шаралар бойынша шарттық міндеттемелерді орындамайды, және салық төлемдерін де толықтай өтемейтін көрінеді.
Осыған орай Өсімдіктер және жануарлар дүниесі туралы заңға түзетулер енгізіліп, биологиялық әртүрлілігін сақтау бойынша тың шаралар жүргізілмек.
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жоспарына сәйкес 2018 жылы Алматы облысы Іле өзенінің дельтасында «Іле-Балқаш» табиғи резерваты мен Шығыс Қазақстан облысында «Тарбағатай» ұлттық паркі құрылады»,-деді спикер.
Есбол Социалхан
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды