- Басты
- Жаңалықтар
- «Ұлы жібек жолының жаңа керуені» арқылы номадтардың мәдениеті белгілі болады
«Ұлы жібек жолының жаңа керуені» арқылы номадтардың мәдениеті белгілі болады
Баспасөз маслихатына ҚР Мәдениет және спорт Мәдениет және істер департамент директоры Алмаз Нұразқан, экспедиция жетекшісі – Поляк саяхатшысы және зерттеуші Яцек Палкевич, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры Андрей Хазбулатов және «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев қатысты.
Поляк саяхатшысы Яцек Палкевич Қазақстандағы киелі ескерткіштерді сақтау бағдарламасына аса жоғары баға беріп, экспедициясының осы жолдар арқылы өтетінін айтты.
«Тарихи киелі мекендер ғана Ұлы Жібек жолынан сыр шерте алады, бізге сол дәуірдің рухын сыйлайды! «Қазақстанның қасиетті географиясы» бүкіл әлем туристері үшін үлкен мүмкіндікке айналатынына сенімдімін, себебі, жаңалықтарға талпынсақ та, барлығымыздың өткен ғасырларда не болғанын білгіміз келеді. Себебі, өткенсіз болашақ жоқ!» - деді атақты саяхатшы.
Яцек Палкевич Гоби және Сахара шөлдерін басып өтіп, ондаған ауыр экспедицияларды артта тастап, Намибиядағы Сүйек жағалауы және ұлы Амазонка өзенінің нақты бастауын анықтаған.
«Мен бала кезімнен Марко Плоның ізін жалғағым келді. Оның басынан өткен қызықты оқиғалар туралы армандадым. Марко Поло салғандай, мен де өз жолымды салсам дедім. Бірақ әр түрлі жағдайларға байланысты кедергілер жолымды тосты.Міне, ақыр соңында, Жібек жолы бойында жүріп өту идеясы іске асырылды», - деп Яцек Палкивич өзінің әсері туралы.
Кезекті экспедиция барысында ол 10 км жуық жерді Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Ресей, Белорусь пен Польша арқылы өтуді жоспарлайды.
«Ұлы Жібек жолы 2018» экспедициясының «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасымен тығыз сабақтасады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры Андрей Хазбулатов: «Президент атап өткендей, Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – біздің мақтанышымыз, Қазақстанымызды, мемлекетімізді ерекшелендіретін біздің мәдени және рухани мұрамыз. Көрсетілген жобаның негізінде бай мәдени мұра ретінде киелі жерлерді насихаттап, Қазақстанның киелі нысандары туралы ғылыми-көпшілік фильмдерінің циклын және «Қазақстанның қасиетті белдеуі» атласын шығарылады»,-деді ол.
Қазіргі уақытта мәдениет институтының әзірлеуімен осы жылдың қазан айында Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның Виртуалды картасын ұсынған. Енді картаның мазмұны сақталып, сол арқылы 3D форматында Қазақстанға саяхат жасауға болады.
Есбол Социалхан
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады