- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік қызметкерлер өзгелерге үлгі болуы керек – Т.Жұмағұлов
Мемлекеттік қызметкерлер өзгелерге үлгі болуы керек – Т.Жұмағұлов
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бүгін мемлекеттік органдардың қызметінде еңбек тәртібіне байланысты жұмыс регламентін сақтау және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерімен жұмыс тақырыбына арналған баспасөз-конференциясы өткізілді.
Шара барысында мемлекеттік органдарға жүргізіліп жатырған рейдтік шаралар мақсаты айтылып, статистикалық мәліметтер келтірілді.
Мысалы, Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметінде еңбек тәртібіне байланысты жұмыс регламентін сақтау және қызметшілердің мемлекеттік мекемелерде жұмыстан тыс уақытта болу фактісінің орын алмауын қамтамасыз ету бағытында рейдтік шаралар өткізілді. Қазіргі таңда, шарамен барлығы 15 мемлекеттік орган қамтылды.
«Біз мемлекеттік қызметкерлерге өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануды үйреткіміз келеді. Мемлекеттік басқару академиясында тайм-менеджментке үйрету бағдарламасы енгізілген. Кез келген қызметкер өзін-өзі ұйымдастыру қабілетін жұмыс уақытын дұрыс бөлуге арнау керек. Яғни, әр адам жұмысына келгенде, мысалы, үш құжатты орындау керек болса, көлеміне қарай бөліп алсын. Біріншісін бір сағатта аяқтаймын, екіншісін осынша уақытта басшылыққа тапсырамын, ал үшінші құжат көлемдірек болғандықтан, екі сағат уақытымды алады деп жоспарлау керектігінде» мысал ретінде келтірді», - деді Т.Жұмағұлов.
Сонымен қатар Т.Қадошұлы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріне жасалған мониторинг жұмыстарына да тоқталды.
Мониторинг жұмыстарының нәтижесі жөніндегі мысалдар келтірілді, мысалы: Тамыз айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті және оған бағынысты мемлекеттік мекемелерінің 263 мемлекеттік қызметшілеріне қатысты әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізіліп,14 мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желісінен Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексіндегі нормаларын нұқсан келтіретін суреттер жарияланғаны анықталды.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай