- Басты
- Жаңалықтар
- 59 ҮЕҰ 4,5 млн теңгедеп сыйақы алды
59 ҮЕҰ 4,5 млн теңгедеп сыйақы алды
Ұйымдастырушылар хабарлағандай, барлығы 230 өтінім келіп түсті. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықтар республикалық, салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысқаны үшін 15 номинация бойынша берілді. Ең көп өтінім мына бағыттар бойынша тіркелді: халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, жастар саясаты мен балалар бастамасын қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту.
ҮЕҰ өкілдері атап өткендей, мұндай байқауларды ұйымдастыру Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды қадам және де үкіметтің ҰЕҰ-ға қаншалықты қолдау көрсететінін аңғартады.
«Біз 15 жылдан бері денсаулықты қорғау, отбасын жоспарлау, мүгедектігі бар тұлғалардың репрадуттивті денсаулығын қорғау саласында жұмыс істеп келеміз және де бұл осы саладағы алғашқы маңызды награда», - деп бөлісті «Мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы»ҚБ төрағасының орынбасары Захира Бегалиева.
«ЗУБР» әлеуметтік корпоративті қорының директоры Виталий Куликтың айтуынша, бұл жүлде жауапкершілікті жүктейді.
«Бізді бүгін өз кәсібінің нағыз мамандарына құрмет көрсетіліп жатқаны қуантады, бұл алға мақсат қоюға итермелейді. Бұл жүлде тек жетістік қана емес, сонымен қатар жауапкершілік. Енді ҮЕҰ-лар бұданда жақсы жетістіктерге жетуге ұмтылатын болады», - деп атап өтті «ЗУБР» әлеуметтік корпоративті қорының директоры Виталий Кулик.
Қайрат Жандыбаев
Фото: Азамат Әлиев
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары