- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да бір мезетте 10 мың қойды бордақылайтын кешен салынып жатыр
ОҚО-да бір мезетте 10 мың қойды бордақылайтын кешен салынып жатыр
Мұнда салмағы 90-95 келі тартатын қазақтың асыл тұқымды қылшық жүнді құйрықты қойы мен меринос қойы өсірлуде. Осындай игі жұмыстардың барысымен облыс әкімі Ж.Түймебаев ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде танысып шықты.
Шаруашылықтың жұмысымен таныстырған серіктестік басшысы Нұржан Әшіров ет экспортын дамытуды қолға алып жатқанын атап өтті.
Осы ретте, Жансейіт Түймебаев өңдеу өнеркәсібіне көңіл бөлу керектігін айтып, малды тірідей сатудан бөлек, оның етін терең өңдеп сату мәселесін де қолға алуды ұсынды.
«Түрлі тағамдарға арнайы дайындап, етті шетелге экспорттауға болады. Бұл қай жағынан алып қарасақ та тиімді», - деген өңір басшысы аудан әкіміне кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Бүгінде мұнда құны 275 млн. теңге болатын мал бордақылау кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазір оның 170 миллионы игеріліп, 6,5 мың қой сиятын алаңның құрылысы біткен.
«Сапа – 2002» ЖШС-нің басшысы Нұржан Әшіровтің айтуынша, бүгінде мұнда 4,5 мың қой бордақыланып жатыр екен. Алдағы уақытта жылына 1 мың тонна жоғары сапалы қой етін өндіруді мақсат етіп отырған шаруашылық жоба толық аяқталса, бұл кешенде бір мезгілде 10 мың қойды бордақылауға мүмкіндік туатынын айтуда. Сондай-ақ, мұндағы қозы етіне ирандықтар мен арабтар қызығушылық танытса, семіз қойларға Өзбекстан елінен сұраныс бар көрінеді. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде жаңа техникаларға қол жеткізіп кәсібін өткендетіп отырғанын айтқан шаруашылық иесі жұмыспен 120 адамды қамтып отырғанына тоқталды.
Айта кетейік, «Сапа – 2002» ЖШС-де қойдан бөлек, жылқы мен ірі қара да бар. Жалпы, мал басы 9 мыңнан асқан. Малдың жем-шөбі де осында әзірленеді. Себебі, «Сапа–2002» ЖШС мал шаруашылығымен қатар элиталы бидай, мақсары және жоңышқа тұқымын өндірумен айналысады. Өсімдік майын шығаратын цехы да жұмыс істейді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды