Астанада 2014 жылы 5 тұрғын үй кешенінде 1100 астам пәтер тапсырылады

14 Қаңтар, 2014 18:00
Елордада 2014 жылы 5 тұрғын үй кешенінде жалпы ауданы 62,9 мың шаршы метрлік 1 156 пәтер тапсырылады. Бұл туралы astana.kz ресми сайтында хабарлады.

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында халықтың барлық санатына арналған Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша жалпы ауданы 62,9 мың шаршы метрлік 1 156 пәтердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оларды 2014 жылы пайдалану беру көзделген», - делінген ведомство хабарламасында. 

Атап айтқанда, Айнакөл көшесінің бойындағы Жұмабаев пен Қордай көшелерінің  арасындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені (243 пәтерлік 1 лот, жалпы ауданы 14 мың шаршы м.), Айнакөл көшесінің бойындағы Жұмабаев пен Қордай көшелерінің  арасындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені (243 пәтерлік 2 лот, жалпы ауданы 14 мың шаршы м.), Айнакөл көшесінің бойындағы Жұмабаев пен Қордай көшелерінің  арасындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені (230 пәтерлік 3 лот, жалпы ауданы 14,3 мың шаршы м.), Сауран және №24 көшенің қиылысындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені (жалпы ауданы 10,9 мың шаршы м, 242 пәтер), Сейфуллин және Бейсекова көшелерінің қиылысындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені (жалпы ауданы 9,8 мың шаршы м 198 пәтер).

Бұдан басқа, 2013 жылғы қараша айында Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелерінің қиылысындағы жалпы ауданы 11,9 мың шаршы метрлік 272 пәтерлі тұрғын үй кешенін салуға конкурс жарияланды.

 

 

Барлық жаңалықтар