Астанада маусымның соңына дейін жаңа автобустар тобы жұмысқа кіріседі

14 Қаңтар, 2014 18:25
Маусым айының соңына дейін Астанада жаңа автобустар тобы жіберіледі, деп қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Биыл қосымша тағы 350 жаңа автобус сатып алу көзделген. Ал, тозығы жеткен автобустар толықтай қолданыстан шығарылмақ.

 «Қалада таңертеңгі әрі кешкі уақытта автобустар көшедегі көлік кептелісінің салдарынан кестеден кешігеді. Оның үстіне аз-кем автобус жетіспеушілігі бар. Сондықтан кедергілерге тап боламыз. Бұл мәселені шешуде бірқатар жұмыс атқарылуда. Жаңа автобустардың алғашқы топтамасы бірінші жартыжылдықта келуі керек. Сонда мәселе едәуір жеңілдейді деп ойлаймын», - деді    Астана қаласы Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы бөлімінің басшысы Әбдіхамит Тамабаев.

Жаңа автобустарда жол ақысын қолма-қол емес, электронды түрде төлеу қарастырылуда.

 «Жолаушыларға салмақ салмас үшін жол жүру билеті бар. Көбіне олар экономикалық факторды ескере бермейді. Ал, қоғамдық көлікпен қамтамасыз етіп, оның жиі жүріп-тұруы жол жүру тарифіне де әсер етеді», - деді Ә. Тамабаев.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар