- Басты
- Маңғыстау әлеуметтік және экономикалық жағынан жедел өсіп келе жатқан өңір
Маңғыстау әлеуметтік және экономикалық жағынан жедел өсіп келе жатқан өңір

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, Елбасының тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясы маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына ұдайы бақылау жүргізіп келеді. Соған орай мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуына көз жеткізу үшін партия Төрағасының Бірінші орынбасары облысқа арнайы келді. Тек «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2017 жылы Маңғыстау облысына 80 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінде бұл қаржыға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары жаңғыртылып, мектептер мен балабақшалар салынуда және өңірдің көлік инфрақұрылымы да қарқынды дамуда.
«Биылғы шілде айында мұнда жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталып, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 3 миллиард теңге бөлінген. Мемлекет қаржысы «Сиеменс» жаңа неміс қондырғыларын сатып алуға жұмсалып, жаңғыртудың нәтижесінде зауыттың өндірістік қуаты бірден 3 есеге дейін артқан. Бүгінде аталған кәсіпорын өңірдегі сұраныстың 25 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр» - деді, Ералы Тоғжанов.
Кәсіпорында теңіз суынан кері осмос әдісімен Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық талаптары мен ережелеріне толық жауап беретін таза ауыз су алынады. Келесі жылы жаңғыртудың екінші кезеңін бастау жоспарлануда. Соның нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 40 мың текше метр су өндіруге жетпек. Бұл дегеніңіз облыс халқы тұтынатын ауыз судың жартысын құрайтын меже.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында Маңғыстау облысында жемісті жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тағы бірі – «Мағаш нан» ЖШС. Бұл серіктестік тек облыста ғана емес бүкіл еліміз бойынша ең ірі нан комбинаты болып табылады. Бүгінде мұнда ұннан дайындалатын кондитерлік, нан және макарон өнімдерінің 150-ден астам түрі шығарылады. Кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездескен Мұхтар Құл-Мұхаммед қазіргі заманғы неміс технологиясының жұмысымен танысты. Аталған комбинат «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттен 6 миллиард теңге көлемінде қаражат алған. Осындай қолдаудың нәтижесінде өндіріс орны жергілікті 224 адамды тұрақты жұмыспен және жалақымен қамтамасыз етіп отыр.
Маңғыстау облысы еліміздегі ең басты мұнай өндіретін өңірлердің бірі екені белгілі. Сонымен қатар бүгінде облыста қайта өндеу өндірісінің де өсу қарқыны анық байқалады. Тек биылдың өзінде индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыста жалпы сомасы 70 миллиард теңгеден асатын жеті ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары өңірдегі өндіріс орындарына білікті мамандар даярлайтын Маңғыстау политехникалық колледжінде болды. Қазіргі таңда бұл білім ошағы еліміздегі ең үздік он орта арнайы оқу орындарының қатарында. Мұнда дәнекерлеуші, мұнай және газ кен орындарын пайдалануға беру, токарь, металл өндеу сияқты облыста жоғары сұранысқа ие 20 мамандық бойынша мамандар даярлайды. Колледжде 71 оқу кабинеті, 6 шеберхана және 9 лаборатория жұмыс істейді. Барлық кабинет заманауи қондырғылармен жабдықталған. Соның ішінде бұрғылау жұмысының, автомабильдің және дәнекерлеу ісінің виртуальді жаттығу құралдарын ерекше атап өткен жөн. Одан бөлек, фрезер, токарь станоктары мен 7 компьютер сыныбы және интерактивті тақтамен жабдықталған 64 кабинет бар.
Студентермен кездесуінде Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының Қазақстанды Үшінші жаңғыртуға арналған тапсырмаларын орындаудың маңызына тоқталып, еліміздің кемел келешегі туралы айтты. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда өңірдің белсенділігіне назар аударды. Мәселен аталған колледжде жастар дуальді жүйе бойынша білім алуда. Ал әлеуметтік серіктестік аясында бұл оқу орны қазірдің өзінде түлектерін жұмысқа орналастыру жөнінде 56 кәсіпорынмен меморандумға қол қойған.
«Маңғыстау экономикалық жағынан да, демографиялық жағынан да жедел өсіп келе жатқан өңір. Сондықтан бұл облысқа білікті мамандар көптеп қажет. Қазір мына біз тұрған колледжде екі мыңнан астам жас талапкер дуальді жүйе бойынша мамандық игеруде. Солардың ішінде Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Сәтті қадам» бағдарламасымен келгендер де аз емес. Өңірде көбінесе табысты болашақ дәл осындай алғашқы сәтті қадамнан басталады», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
-
Р.Дәленов: 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес үш жылға тексерістен босатылады
2020 жылдың 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес үш жылға тексерістен бостылады. Бұл туралы елордада "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: алғашқы нәтижелері" тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференцияда ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
09 Желтоқсан 2019, 13:02
-
Бизнестегі оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдануға арналған мүмкіндіктер кеңеюде
Сенат отырысында заңнамаға оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралды.
05 Желтоқсан 2019, 18:07
-
Теміржол билеттерінің онлайн сатылым көлемі артып келеді
Теміржол билеттерінің онлайн сатылым көлемі артып келеді. Бұл туралы темір жол жолаушылар тасымалы саласында билет сату жүйесін дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндаған "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директорының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдықөзов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
03 Желтоқсан 2019, 17:16
-
Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарастырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды.
03 Желтоқсан 2019, 11:38
-
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы 10,1 пайызға артты
2019 жылдың он айындағы қорытынды бойынша, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы 10,1 пайызға өскен. Бұл туралы "Азық-түлік тауарлары бағасын тежеу бойынша монополияға қарсы ден қою шаралары" туралы өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Рустам Ахметов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 17:48
-
Алматы "Doing Business" рейтингі бойынша өңірлер арасында бірінші орынды иеленді
Алматы қаласы "Doing Business" рейтингі бойынша өңірлер арасында бірінші орында тұр. Бұл туралы Алматы қаласының биылғы он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 13:30
-
Келер жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасының талаптары күшейтіледі
Келесі жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оның талаптары күшейтілетін болады. Бұл туралы "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы" тақырыбында өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
27 Қараша 2019, 17:30
-
Маңғыстау облысына жыл басынан бері 445 млрд теңге инвестиция тартылды
Маңғыстау облысына жыл басынан бері 445 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәжілісінде облыс басшысы Серікбай Трұмов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
27 Қараша 2019, 11:11
-
Д.Ахметов: ШҚО-да денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер жақсарып келеді
Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштер оң динамикаға ие болып отыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша өткен баспасөз мәжілісінде өңір әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
22 Қараша 2019, 13:37
-
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 400 жас маман жолдама алды
Президенттік жастар кадр резервін іріктеудің келесі кезеңіне 400 жас маман жолдама алды. Бұл туралы Президенттік жастар кадр резервін іріктеу мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
21 Қараша 2019, 13:23
-
Елордаға газ қашан келеді
Тұтынушылар үшін түпкі баға астанада үш негізгі факторға байланысты түзіледі. Біріншісі – жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алу бағасы, ол бойынша батыс кен орындарынан, Теңіз газдан газ алу жоспарланған, сондай-ақ Ақтөбе кен орны топтамасы. Бағасын Энергетика министрлігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетімен бірлесіп реттейтін болады. ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 15:45
-
CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды
Жаңа экономикалық саясаттың тұжырымдамасы Стратегиялық бастамалар форумында таныстырылды. Іс-шараға қатысушылар аталған тұжырымдаманың тиімділігі мен оны жүзеге асырудың тетіктері туралы талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 13:54
-
Қ.Тоқаев Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына барды
Мемлекет басшысы «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
19 Қараша 2019, 15:19
-
Сенатта дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері қаралды
Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
19 Қараша 2019, 14:59
-
Алматыда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды
Еліміздің ең ірі мегаполисінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Ұлттық экономика вице-министрлерінің, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
15 Қараша 2019, 13:00
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды