Қарағанды облысында Жезқазған-Сексеуіл темір жолының құрылысы аяқталды

14 Қаңтар, 2014 18:04
Қарағанды облысында Жезқазған-Бейнеу темір жолының бір тармағы болып табылатын Жезқазған-Сексеуіл темір жолының құрылысы аяқталды.

«Ұлытау ауданының Қоскөл ауылында мерекелік түрде жолдарды түйістіру өткізілді. Бас мердігер «Жол жөндеуші» компаниясы», - делінген акиматта.

Ұзындығы 1 мың км болатын Жезқазған-Бейнеу темір жолы – Қазақстанның тәуелсіздік алғалы бері қолға алған ең ұзын жол құрылысы.

Жол қос сәулелі әдіспен салынды: Қарама қарсы бағытта жолдарды төсеу арқылы қазіргі таңда Жезқазған-Сексеуіл және Шалқар-Бейнеу жолдары салынды.

Хабарламада айтылғандай, Жезқазған-Бейнеу жолы жылына 21 млн тонна жүкті тасымалдауға мүмкіндік береді. Ал Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл төте жолмен елдің Батысы мен Шығысын байланыстырады. Атап айтар болсақ Достық бекеті мен Ақтау портын жалғайды. Бұл өз кезегінде аралықтағы жүк тасымалын оңтайландырады.

Айта кету керек, жаңа темір жол бойына 48 бекет пен резъездтер салынады. Электр байланысы тартылып, өндірістік орындар пайда болады. Сонымен қатар елді-мекендер де бой көтермек.

Естеріңізге сала кетейік, құрылыс 2012 жылдың жалпыхалықтық көпір барысында Мемлекет басшысы тарапынан міндеттелген болатын.

 

 

Барлық жаңалықтар