- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 630 шақырымнан астам теміржол жаңғыртылды
Қазақстанда 630 шақырымнан астам теміржол жаңғыртылды
Оның ішінде күрделі жөндеу жасалған 317,5 шақырымға рельс торкөздері төселді. Орташа жөндеу жұмыстары 77 шақырымға жүргізілсе, 237 шақырымдағы жолдарда рельстері түгелдей жаңартылды.
«Жөндеу жұмыстары барысында 51,9 шақырымның рельс тіректері ауыстырылса, 330 шақырымның балласт қабаты тазартылды. 2840 шақырымдық жолдағы рельстер қайралды. 1590 шақырымдағы жол түзетілді»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Жол және имараттар жөніндегі директоры Аманқос Баймағамбетов.
Жазғы маусымда жолды күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар 7 көпірге жөндеу жүргізілді. Қапшағай көпір отряды құрылысшылары жоспардағы 77 жасанды имараттарға жөндеу жасап қана қоймай, сонымен қатар қосымша 23 имаратқа да жөндеу жүргізді. Қазіргі кезде Семей- Жаңасемей қума жолындағы көпірді күрделі жөндеуден өткізудің жобалық –сметалық құжаттары жасалуда.
Магистральдық желідегі маусымдық жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жолаушылар пойыздары 175 шақырымдық жаңғыртылған жолда үлкен жылдамдықпен жүре бастады. «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздары 144 шақырымда, жүк пойыздары республикалық деңгейдегі 154 шақырым магистральде жылдамдықтарын көтере алады.
«Жылма -жыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясы жасаған түрлі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде теміржолды қайта жаңғыртып, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін жақсартып, жүк және жолаушылар пойыздарының жылдамдығын көтеруге сүбелі үлестерін қосуда»,-дейді А. Баймағамбетов.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды