• Басты
  • Сенаторлар тұрғын үй туралы заңнамаға түзетулерді қарады
20 Қараша, 2017 15:14

Сенаторлар тұрғын үй туралы заңнамаға түзетулерді қарады

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенаторлар тұрғын үй туралы заңнамаға түзетулерді қарады

 Заң жобасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, әскери прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету тетіктерін нысаналы тұрғын үй төлемдері арқылы жетілдіру мақсатында әзірленді.

Құжатта арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда) мен әскери қызметшілерді (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) тұрғын үйге мұқтаж деп тануға қойылатын талаптар нақтыланған. Жаба ережелерінде тұрғын үй төлемдерін пайдалану мақсаттары нақтыланады.

Атап айтқанда, оларды тұрғынжайды меншікке алу; тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу, оның ішінде кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу; бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде, сондай-ақ тұрғын үй және тұрғын үй-құрылысы кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу; тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі жинақтарды толықтыру және тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға болады.

 Бұл ретте әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы бір рет жүзеге асырылады. Заң жобасында тұрғын үй төлемдерін тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату негіздері, тұрғын үй төлемдерін алушының құқықтары мен міндеттері, қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жағдайларда ақшалай өтемақы алу құқығы бекітіледі. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе әскери қызметшінің отбасы мүшелерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалануға немесе оларды біржолғы ақшалай өтемақы түрінде алуға құқықтары айқындалады.

Шетелге қызмет өткеру үшін жіберілген арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрып жатқан тұрғынжайларының және (немесе) тағайындалған тұрғын үй төлемдерінің сақталуына кепілдіктер қолданылады. Сондай-ақ əскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына не штаттардың қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде əскери қызметшілерге жұмыстан шығу жəрдемақысын төлеудің негіздері мен мөлшерлері нақтыланады. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды