• Басты
  • Қазақстанның тәжірибесі Африкада қызығушылық танытуда - Айоделе Одусола (ВИДЕО)
14 Қараша, 2017 17:43

Қазақстанның тәжірибесі Африкада қызығушылық танытуда - Айоделе Одусола (ВИДЕО)

Африка елдеріне ел экономикасын трансформациялау қарқыны, индустриаландыру, адами капиталға инвестиция салу, кедейлікті 40 пайыздан 3,5 пайызға төмендету саласында Қазақстанның тәжірибесі қызығушылық танытады. Бұл туралы Африка елдері бойынша БҰҰДБ Өңірлік бюросының бас экономисі Айоделе Одусола Астанадағы «Оңтүстік-Оңтүстік» желісі бойынша жаһандық симпозиумы барысында мәлімдеді.
Қазақстанның  тәжірибесі  Африкада қызығушылық танытуда - Айоделе Одусола (ВИДЕО)

«Африканың көптеген елдері шикізаттық  азық-түлікке тәуелді. 2013 жылы  шикізат өнімінің бағасына қатысты бүлік болды, осы кезеңде Африканың көптеген елдері  қарқынды дами бастады, алайда қазір баға құлады, көптеген елдер  өз жобаларын дамыта алмай, қызметкерлерге жалақы төлей алмай отыр. Африка елдеріне ел экономикасын трансформациялау қарқыны, индустриаландыру, адами капиталған инвестиция салу, кедейлікті  40 пайыздан  3,5 пайызға төмендету  саласында Қазақстанның тәжірибесі қызығушылық танытады», - деді А.Одусола.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада даму мен экономикалық әртараптандыру, ТДМ негізінде Африкадағы индустриаландыру бойынша тәжірибе алмасу бойынша Оңтүстік-Оңтүстік жаһандық симпозиумы өтіп жатыр. Шараға 40 африкалық үкімет өкілі, зерттеу орталықтарының мүшелері мен даму институттарының өкілдері қатысты.

Қайрат Жандыбаев

Видео: Азамат Әлиев 

Барлық жаңалықтар
35.153.39.7, 192.168.88.100