- Басты
- Жаңалықтар
- «Денсаулық» медициналық пойызы Жамбыл облысының 4583 тұрғынына медициналық қызмет көрсетті
«Денсаулық» медициналық пойызы Жамбыл облысының 4583 тұрғынына медициналық қызмет көрсетті
«Денсаулық» медициналық пойызы Жамбыл облысындағы жұмысын аяқтады. Пойыз осы өңірдегі жұмысын 5 қазанда Абай бекетінен бастаған болатын. Жылжымалы медицина бригадасының дәрігерлерінен Жамбыл облысының шалғайда орналасқан 23 темір жол бекеті мен жол айырықтарының тұрғындары көмек ала алды, олар: Абай, Сұрым, Күркүреу-Су, 80 шақырым жол айырығы, Қаратау, Ақтаутас, Жаңатас, Ақ-Шолақ, Малдыбай, Тәтті, Аспара, Бірлік-1, Хантау, Қияқты, Бұрылбайтал, Мыңарал, Қашан Теңіз, Еспе, Құлақшы және Аңырақай.
40 күнде 4583 адам, олардың ішінде 1289 бала тиісті тегін тексеруден өтті. Науқастарға қажетті алғашқы көмек көрсетіліп, кәсіби кеңес берілді, сонымен қатар, тістері емделіп, жақын жердегі медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама берілді. Жамбыл облысының 1026 тұрғынына стоматологиялық көмек көрсетілді. Осы аймақтағы жұмыс барысында 24925 дәрігерлік қабылдау тіркеліп, 10967 диагностикалық шара жасалды, олардың қатарында ультра-дыбыстық зерттеу, рентгенография, ЭКГ бар.
Медициналық пойыздың 8 вагонында да науқастарды толық тексеруге, шағын амбулаториялық оталарды жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және олар зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған, сонымен қатар онда персоналдың жайлы жол жүруіне барлық мүмкіндік бар. Медицина бригадасының құрамында Батыс Қазақстан облыстық темір жол ауруханасының бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар.
«Денсаулық» пойызы 2017 жылының 21 сәуірінен бастап шалғай елді мекендердің 33936 тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр. Пойыздың бағыты Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары арқылы өтеді.
«Медициналық қызметтердің сапасы мен халыққа қолжетімділігі - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып саналады. Мамандырылған медициналық пойыздар әр жыл сайын шалғай елді мекендердің тұрғындарына көмек көрсету үшін ат салысып жатыр. Көлік медицинасының дамуы алыс ауылдардың тұрғындарыдың көптен қолдары жетпей жүрген салалық мамандарға тексерілуіне жағдай жасады. Жіті және ұзақ созылмалы патологиялар, онкологиялық аурулар мен туберкулез сияқты аурулардың алғашқы кезеңдерде дәрігерлермен анықталғаны маңызды», - деп «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диас пікір білдірді.
Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасындағы медициналық қамтамасыздандыру мәселесі бойынша өзара әрекеттесу меморандумының аясында 2010 жылдың 9 наурызынан бастап жүзеге асырылған жоба.
«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы