- Басты
- Жаңалықтар
- Мобильді ХҚКО-лар Қазақстанның жергілікті жерлерінде 13 мыңнан астам қызмет көрсетті
Мобильді ХҚКО-лар Қазақстанның жергілікті жерлерінде 13 мыңнан астам қызмет көрсетті
Д.Абаев айтып өткендей, қазіргі кезде 746 мемлекеттік қызметтің 621-і немесе 83 пайыздан астамын азаматтар мемлекеттік корпорация арқылы алуға қауқарлы.
«Ең алдымен, «электрондық үкіметтің» және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорацияның қызметін үйлестіру мен дамыту шаралары ескерілген.Еліміз бойынша оның 349 фронт-кеңсесі бар. Оларда жұмыс істейтін 22 мыңға жуық қызметкер жыл сайын 34 миллионнан астам қызмет көрсетуде. Электронды Үкімет инфрақұрылымы бойынша 452 мемлекеттік қызметкер қолжетімді, 190 млн электронды қызмет крсетілді. «Азаматтарға арналған үкімет» жұмысындағы маңызды бағыт – шалғайдағы жергілікті жерлердің тұрғындарына қолжетімділікті арттыруды жетілдіру. Осы мақсатта Қазақстанда 70 мобильді ХҚКО жұмыс істейді, олар жылына 13 мыңнан астам қызмет көрсетеді», - деді министр.
Сондай-ақ, Дәурен Абаев айтып өткендей, «Қазпочтамен» бірігіп, ұлттық пошта операторы кеңселерінде мемлекеттік қызмет көрсету жобасы жүзеге асырылуда.
Министрдің айтуынша, қажеттілігі жоғары жандарға кедергісіз орта құру мен жайлылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Биыл сөйлеу мен есту кемшіліктері бар тұлғаларға онлайн-сурдоаударма қызметі іске қосылды. Корпорацияның фронт-кеңселерінде мүгедектер арбасын шығаратын тетікше мен пандустар бар. Сондай-ақ, Брайль мәтінімен ақпараттық такқтайшалар орнатылған. Мемлекеттік корпорацияның әртүрлі позициясында 475 қажеттілігі жоғары қызметкер жұмыс істейді», - деді ведомство басшысы.
Д.Абаев айтып өткендей, биылғы жылдың басынан бастап құжаттың дайындығы бойынша смс-хабарлама, телеграмм-бот, үйге дайын құжаттарды жеткізу, Электронды Үкімет порталынан ЭЦҚ тіркелімінсіз анықтама алу қызметтері қосылды.
«Сондай-ақ, мемлекеттік корпорация кеңселері бірыңғай кесте бойынша 9-00-дан 20-00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда, Астаана, Алматы және Шымкент қалаларында тұрғындардың қолайлығы үшін түн ортасына дейін жұмыс істейтін ХҚКО-лары бар», - деді Д.Абапев.
Ақбота Күзекбай
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар