- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Құрлық әскерлерінде 43 мыңнан астам маман дайындалды
ҚР Құрлық әскерлерінде 43 мыңнан астам маман дайындалды
Өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері арасында «Батыс» ӨңҚ көш бастап келеді. Әрі қарай – «Оңтүстік» ӨңҚ, үшінші орынға Десанттық-шабуылдау әскерлері жайғасты.
Ағымдағы жылы ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде атыс қаруы мен қару-жарақтан 30000-нан аса практикалық оқ ату өткізілді. Оның ішінде түнде 32,2 %. 2016 оқу жылымен салыстырғанда практикалық оқ атулардың өткізілу қарқындылығы 23%-ға ұлғайды, сондай-ақ жүргізу бойынша 15000-нан аса сабақ, оның ішінде түнде 46,3 % өткізілді.
2016 оқу жылының ұқсас кезеңімен салыстырғанда жауынгерлік машиналарды жүргізудің өткізілу қарқындылығы 38%-ға ұлғайды. Жауынгерлік даярлық жоспары бойынша ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері бөлімшелердің (есептоптардың) 2000-ға жуық жауныгерлік оқ атуын өткізді.
Оның ішінде, түнгі мезгілде – 34,2 %, взводтардың 1000-нан аса жауынгерлік оқ атуы, оның ішінде, түнгі – 38,2 %, роталық тактикалық оқу-жаттығулар – 300-ден аса, оның ішінде, түнгі – 35,3 %, батальондық тактикалық оқу-жаттығулар – 200-ден аса, оның ішінде, түнгі – 47,3 %.
Мамандықтар бойынша 43000-нан аса әскери қызметші дайындалды.
Оқыту үшін 5000-ға жуық нұсқаушы тартылды. 2016 оқу жылымен салыстырғанда 12,7 %-ға ұлғаюы байқалады. Тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтар заманауи жалпыәскери ұрыстың жүргізілу жағдайларына барынша жақындатылды.
Одан басқа, ҚР ҚК Құрлық әскерлеінің құрамалары мен әскери бөлімдері 2017 оқу жылы ішінде барлық ірі ауқымды, жедел-стратегиялық оқу-жаттығуларға және мемлекеттік маңызы бар өзге де іс-шараларға, оның ішінде, ҚР ҚК құрылуының 25 жылдығына арналған Әскери парадқа қатысты. Құрлық әскерлерінің бөлімшелері Армия халықаралық ойындарының 12 байқауына қатысқанын айта кеткен абзал. Онда «АрХО-2017» сайысының құрамына ҚР ҚК ҚӘ әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің 400-ге тарта әскери қызметшісі кірді. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің жеке құрамы өзінің арналымы бойынша жауынгерлік және кәсіби дайныдықта жоғары көрсеткіштерді паш еткенін айта кету қажет.
Қорытынды әскери қызметшілердің қандай жетістікке жеткендерін, әскерлердің аталмыш түрі қалай дамып жатқандығын, қандай тапсырмалардың орындалғандығын және алда нені шешу қажет екендігін көрнекі түрде көрсетуде. Бұдан басқа, бұл жеке құрам үшін жоғары нәтижелерге қол жеткізу, өздерінің кәсібиліктерін, дене және жауынгерлік даярлықтарын жетілдіру үшін керемет ынталандыру болып табылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады