- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда Zhastartime мобильді қосымшасы таныстырылды
Павлодарда Zhastartime мобильді қосымшасы таныстырылды
Бүгінде Zhastartime мобильді қосымшасын Play Маркет қосымшасынан жүктеуге қол жетімді болып отыр. Жуық арада iOS базасындағы смартфондарға App Store бағдарламасында пайда болатын болады. Қосымшаны және порталды әзірлеу облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевтың балалар мен жастардың бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру базасын құру және ол база кез келген интернет желісін пайдаланушыға қол жетімді болу қажеттілігі туралы тапсырмасы бойынша жүргізілді, деп жазады ruh.kz.
«Бұл біздің Павлодар облысы әкімдігі, жастар мәселесі жөніндегі басқармасы, жастар бастамаларын дамыту орталығымен бірлесіп жасаған арнайы жастарға арналған портал. Деректер облыс бойынша тіптен жекелеген ауылдардан жинақталды. Сайтта және қосымшада түрлі бос уақытты ұйымдастыру ұйымдары туралы барлық ақпараттар, мекенжайлары, телефон байланыстары, жұмыс уақыттары белгіленетін болады. Бұл ыңғайлы себебі басқа іздестірулерде олардың деректері ескірген болып шығады. Ал біздің міндетіміз үздіксіз жаңа ақпаратты толықтырып отыру және осылайша өзекті болып отыру», – деді «Гео Сет» ЖШС директоры Айнаш Әміренова.
Қосымшада кез-келген мекемеге лүпілдер қою, пікірлер мен ұсыныстар қалдыру мүмкіндігі, сондай-ақ олардан түскен ақпаратқа жазылу мүмкіндігі қарастырылған. Әзірге қосымша түзетулер сатысында болғандықтан әзірлеушілер кері байланыс арқылы кез-келген ұсыныстар мен пікірлерді қабылдауға әзір. Қазіргі уақытта қосымшадағы ақпараттарды қазақ тіліне аудару жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш қосымша тек кириллицада ғана емес сондай-ақ, жаңадан енгізілетін латын графикасында қол жетімді болады деп күтілуде.
«Кез-келген шығармашылықпен, хоббимен айналысатын адам порталға кіріп тіркелуге және өзі, өзі қатысатын клубтары туралы қажетті ақпаратты енгізуге, пікірлестерін тауып алуға болады. Порталдан 563 орталықты, 96 мәдениет, спорт, білім саласындағы клубтарды тауып алуға болады. Бұл сандық көрсеткіш тұрақты өсіп отырады. Бұнда тіптен кішігірім мекемелер, аула клубтары туралы ақпараттар енгізілетін болады. Пайдаланушылар облыста өтетін барлық мәдени –бұқаралық іс-шаралар туралы білуге мүмкіндіктері болады», - деп хабарлайды «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің менеджері Санира Жүсіпова.
Айта кетейік, астаналық «Гео Сет» ЖШС порталды және қосымшаны тегін әзірледі, ал оларға қызмет көрсету жастар бастамаларын дамыту орталығының техникалық бөліміне жүктеледі. Алдағы уақытта комерциялық жарнамаларды орналастыру да жоспарланған. Бұл жоба Қазақстандағы бірегей жобалардың бірі. Әзірлеушілер басқа да облыстарда осыған ұқсас порталдар мен қосымшаларды жасауды жоспарлап отыр.
-
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
COVID-19: Төсек-орын қоры, вакцинациялау және Ashyq қосымшасы -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Вакцина алу үшін eGov mobile аpқылы кезекке тұpу, «Saqbol» қосымшасы және ауылдардағы интернет сапасы -
«Ashyq» қосымшасы қалай жұмыс істейді -
Қазақстандағы эпидахуал: ауру жұқтырғандар көрсеткіші, вакцинациялау науқаны, бизнеске арналған мобильді қосымша -
«Tynda» мобильді қосымшасы іске қосылды -
«ASHYQ» қосымшасы: Пилоттық жобаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі