- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 18 мың жұмыс орны құрылады
ШҚО-да инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 18 мың жұмыс орны құрылады
Келесі жылы Өскеменде толық айналымдағы көлік зауыты мен оған автоқосалқыларды шығарушы технопаркты іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа өндіріс ошағы 4 мың азаматқа жұмыс береді. Республикалық деңгейге шыққан жобалардың қатарындағы Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты да бар. Қазақстанның ірі индустриалды құрылысының біріне айналған кәсіпорын 1500 адамды еңбекпен қамтып отыр. Аймақта 2010 жылдан бастап жалпы құны 574 млрд. теңге болатын 45 жоба жүзеге асырылды. Мәселен, биыл мамырда Зайсан ауданындағы шаруа қожалықтардың бірі шағын ет комбинатын ашты.
« Жобаның құны 150 млн. теңге. Бүгінде ірі қара және ұсақ мал сою жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін 300 бас ірі қара сойылып, 98 пайыз қуатқа көшу жоспарланып отыр. Жалпы МИИДБ аясында жүзеге асқан 35 жоба 1-қазанда толық 100 пайыздық қуат күшіне көшкен» , - деді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысы Мақсат Мүсәпірбеков облыстық әкімдік отырысында.
2020 жылға дейін мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 393,4 млрд. теңге инвестициясы бар 11,3 мың жұмыс орнын қамтитын 34 жобаны іске асыру жоспарлануда.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары