- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа толқынның композиттік және полимерлі материалдар өніміне басымдылық беріледі – Ә.Исекешев
Жаңа толқынның композиттік және полимерлі материалдар өніміне басымдылық беріледі – Ә.Исекешев
«Вице-премьердің айтуынша, аталмыш сала Мемлекет басшысы тарапынан ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі ретінде қолға алынып отыр және құрылыс материалдары бойынша отандық нарықты ішкі өнімнің 80 пайызына дейінгі үлес салмағымен қамту туралы тапсырма беріліп, сонымен қатар еңбек өнімділігін 1,9 есеге дейін арттыру міндеттемесі жүктелді», - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын қабылдаған уақыттан бергі қолданылған шаралардың нәтижесінде бірқатар шетелдік инвесторларды тартып, жаңа жұмыс орындарын ашып, жаңа заманауи технологияларды енгізіп, өндіріс көлемін арттырып отырмыз.
Сонымен өндіріс 2009 жылғы 175,2 млрд. теңге көрсеткішінен 2013 жылдың 11 айында 363,3 млрд теңгеге артты.
Индустрияландыру картасы аясында 120 жоба іске қосылып, 1 млрд доллар көлемінде инвестиция құйылды.
Аталмыш жобалардың арқасында құрылыс материалдары, соның ішінде цемент өндірісіне қатысты бірқатар мәселелердің түйіні тарқатылды. Отандық цемент өндірісі көлемі артып, жылу өткізбейтін труба, пластмасса, гипсокартон, және құрғақ құрылыс материалдары өнімдері көптеп өндіріле бастады. Ішкі нарық отандық өнімдермен 100 пайыз қамтылды. Нақтырақ айтар болсақ олар бетон, бетон бұйымдары.
Ішкі нарықтағы отандық құрылыс материалдары өнімі 2009 жылғы көрсеткіштен қарағанда 55,2 пайыздан 2013 жылы 71 пайызға артты.
Қазіргі таңда салаларда шамамен 1200 кәсіпкерлік жұмыс істейді, ондағы жұмысшылар саны 36 мың адам.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар