Исекешев еліміздің үздік футбошыларына алтын медальдар берді (ФОТО)

18 Қараша, 2017 11:41
Елорда әкімі Әсет Исекешев елордалық футбол командасына құрмет көрсету салтанатына қатысып, «Астана» ФК ойыншыларына Чемпиондар кубогы мен алтын медальдар тарту етті.

««Астана» осымен төртінше рет Қазақстан чемпионы атанды. Барлықтарыңызды осы жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Команданы тағы бір рет жеңісімен құттықтағым келеді. Клуб басшылығына алғысымды білдіріп, осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізгендеріңізбен құттықтаймын», - деді Исекешев.

Бұдан басқа, әкім өз жас аралығында үздік атанған Астананың жасөспірім футболистерін (команду 2005 жылы туылғандар) жеткен жетістігімен құттықтады.

«Біздің жас футболистерге Астана әкімдігі Түркияда спорттық-жаттықтыру шараларын ұйымдастырады», - деп түйіндеді Исекешев.

Фото:  Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар