«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемін 4%-ға ұлғайтты

14 Қаңтар, 2014 17:31
2013 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемін 4 пайызға ұлғайтты, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Нақты мәліметтер бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі 2013 жылғы қаңтар –желтоқсанда 53 млн. 924 мың тоннаны құрады. Жоспарлы межемен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 2 млн. 49 мың тоннаға немесе 4%-ға, ал өткен жылдың осындай көрсеткішімен салыстырғанда 1%-ға артты, өсім 465 мың тонна», - делінген хабарламада.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 14 млн. 116 мың тоннаға артты, бұл – 136 мың тоннаны немесе 1% өсімді құрайды.

Атап айтқанда, АМӨЗ-ге 4 млн. 333 мың тонна (2013 жылғы деңгейде), ПКОП-қа – 4 млн. 711 мың тонна (151 мың тоннаға кем), ПМХЗ-ға – 5 млн. 47 мың тонна (55 мың тоннаға кем), Битум зауытына 25 мың тонна (2012 жылы жеткізілген жоқ) мұнай жөнелтілді.



 

 

 

 

Барлық жаңалықтар