- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті
Н.Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті
Кездесу барысында тараптар еліміздің мұнай-газ секторындағы қазіргі ахуал мен ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде Қарашығанақ пен Қашаған жобаларын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы «Royal Dutch Shell» концерні халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға белсенді атсалысқанын айтып, компания басшылығына ризашылық білдірді.
Бен ван Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, Қазақстан жұртшылығын халықаралық көрменің табысты өтуімен құттықтады.
«Сізді «ЭКСПО» көрмесінің табысты өтуімен құттықтаймын. Мен көрмедегі ең тартымды павильон – «Нұр Әлем» сферасында болдым. Одан алған әсерім де керемет», – деді концерннің бас атқарушы директоры.
Бен ван Берден биылғы 18 қарашада аталған кен орындарына қатысты өнім өндіру туралы келісімге қол қойылғанына 20 жыл толатынын айтып, оларды іске асыруда Қазақстан Президентінің ерекше рөл атқарғанын атап өтті.
«Бұл жобалар өте жақсы және тиімді болып шықты. Барлық шығындар дер кезінде өтелді, енді табыс табу үшін жұмыс атқарылуда», – деді Мемлекет басшысы.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді