- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды
Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды
Бақытжан Сағынтаев Таразға келген бойда өңірдің бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады.
Премьер-Министр «Арай» шағын ауданының көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылысы мысалында өңірде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов құрылыстың қазіргі жағдайы мен келешегі туралы баяндады.
Биыл облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 17,7 мың м2-қа 258-ден астам пәтерді пайдалануға беру бойынша төрт жоба іске асырылып жатыр, сонымен қатар ЖТҚ бойынша 922 жер телімі бөлінген. 2018 жылы 13 көпқабатты үй құрылысын аяқтау немесе 1 070 пәтерді пайдалануға беру көзделген.
Жалпы осы жылдың 10 айында Қазақстанда құрылыс қарқынының көрсеткіштері 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға жақсарған. Барлығы 8,8 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілген.
Сондай-ақ, Премьер-Министрге облыста спортты дамыту келешегі туралы баяндалды. Бақытжан Сағынтаев 2 мыңнан астам спортшы күн сайын спорттың түрлі күш қолданылатын түрлері: грек–рим күресімен, кикбоксингпен, таэквондомен, армрестлингпен және т. б. айналысатын «Атлетик» олимпиада резервін дайындайтын оқыту-жаттығу кешеніне барды.
Жамбыл облысында барлығы 46 спорт мекемесі бар, 22 мыңға жуық спортшы жүйелі түрде түрлі спорт түрлерімен айналысады, олардың 14 мыңы — ауылдық спорт мектептерінде жаттығады. Бүгінгі таңда өңір спортшылары ресми халықаралық және республикалық жарыстарда 1 387 медаль иеленген, олардың 577-сі — алтын.
Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі бұған дейін жұмыс сапарлары аясында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Астана, Алматы қалаларында болып қайтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді