- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Ғарыштық белгілер» көрмесі өтуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Астанада «Ғарыштық белгілер» көрмесі өтуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Көрме Астана қаласының ескерткіштерді және тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ету дирекциясының қолдауымен «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Автор өнер арқылы психологиялық оңалту әдістемесін жасап шығарған. Бақтыбек Талқамбаевтың әдістемесі кез-келген жастағы адамның шығармашылық әлеуетін дамытуға қабілетті.


Бір күні жанымда қолына қарындашты алғаш ұстаған біреу сурет салам деп қалды. Бәрі де содан бассталды. Қарапайымнан бастап күрделіге өту арқылы көпке қол жеткізуге болады. Біруақытта ол адам ішштейй өзгере бастағанын байқады, мінезі салмақты, өмірге риза болып, қорқыныш-үрейінен арылды, жағымсыз ойлары кетіп, басының ауырғаны қойды. Сонда маған індетінен арыла алмай жүрген науқас адамдар келе бастады.Олардың салған суреттерін көру керек. Бастапқы суреттер дәрменсіз, жасық, ұялшақ болады. Бірақ суретті көп салған сайын, оның шығармашылық шабыты ашыла түседі, - дейді суретші Бақтыбек Талқамбаев.


Бақтыбек Талқамбаев өзінің шығармашылық жолын 70-ші жылдардың ортасында Шымкент қ. Және Оңтүстік Қазақстан облысында сәулетші мен суретші, сәулетті, монументалды және безендіру өнерін дамытудағы шығармашылық процессті басқарушы және ұйымдастырушы болып бастаған. Бірақ бірте-бірте суретші ретінде оңаша шығармашылықпен айналыса бастады. Талқамбаев өзінің өнердегі орнын іздейді. Сол замандағы заттық композициялар стилінен бастап, ол біртіндеп ата-бабаларының ою-өрнектер салт-дәстүрін жаңа деңгейде, Әлем-Руханият-Тұлға координаттар жүйесінде адам өмірінің миссиясын жаңаша түсінікпен жалғастыруды жөн көреді.


Суретші бүкілодақтық және республикалық көрмелерге қатысқан. Автордың көптеген еңбектері барша әлем бойынша (Жапония, АҚШ, Англия, Франция, Болгария, Норвегия, ТМД мемлекеттері) өнер сүйер қауымның жеке коллекцияларынан лайықты орындарын тапты.



Жалпы, 1970-2017 жылдар аралығында Бақтыбек Талқамбаев Қазақстанда және шетелдерде 50-ден аса жеке көрмесін өткізді.



Фото: Азамат Әлиев
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
"ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі" республикалық конкурсы өтуде -
Елорда оқушылары арасында бұрымдылар байқауы өтуде -
Келіп жатқан тауарлар химиялық өңдеуден өтуде – С.Омаров -
Елордада ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр (ФОТО) -
Тәжікстанда Қазақстандық медицина күндері өтуде -
Афинада «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды -
Астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау үшін 40 млрд теңге бөлінді