• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің аймақтары арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің аймақтары арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

17 Қараша, 2017 17:17
Ақмола облысының əкiмi Мəлiк Мырзалин өңiрге ресми жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасы Сырдария облысынан келген делегациямен кездестi, деп хабарлады аймақ әкімдігінен.

Кездесу барысында облыс әкімі екі ел арасындағы сауда-саттыққа тоқталды.

«2017 жылдың 6 айында Ақмола облысы мен Өзбекстан Республикасы арасында сауда- айналымы 44 524,7 мың АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 45,3 пайызға артқанын бiлдiредi», —  деді Мәлік Мырзалин.

Өз кезегінде, Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының Төтенше жəне өкiлеттi елшiсi Икром Назаров, ақмолалықтардың қонақжайлылығына ризашылығын бiлдiрiп, бүгiнгi кездесу екi аймақ арасындағы қарым — қатынастың одан әрi нығайтуға септiгiн тигiзетiнiне сенiм бiлдiрдi.

Кездесу соңында Ақмола облысы әкiмдiгi мен Сырдария облысының хокимияты арасында сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық саласындағы өзара əрiптестiк туралы меморандумға қол қойды. Сондай — ақ келесi жылы өтетiн Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында Ақмола облысында Сырдария облысы күндерiн және Қазақстанның Өзбекстандағы жылы барысында Ақмола облысы күндерiн Сырдария облысында өткiзу келiсiлдi.

Барлық жаңалықтар