• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылы Ақмола облысында «ЖҚЖК-2020» бойынша 1 млрд теңге шағын несие берілді

2013 жылы Ақмола облысында «ЖҚЖК-2020» бойынша 1 млрд теңге шағын несие берілді

14 Қаңтар, 2014 16:48
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 1 млрд теңгеге жуық шағын несие берілді, деп Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«1 млрд теңгеге жуық көлемінде 453 азамат шағын несиеге ие болды, оның 80 пайызынан жоғарысы өз кәсібін ашуға бағытталған. Бұл көрсеткіш 2012 жылдыкін 2 есеге көтеріп отыр», - делінген хабарламада.

Бөлінген қаражаттың негізі ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мал шаруашылығына – 75 пайыз бағытталды.

Жалпы, Ақмола облысында 2013 жылы 15 бағдарламаға 2 млрд теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 1,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

 

 

Барлық жаңалықтар