- Басты
- Жаңалықтар
- Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты энергияның баламалы түрлерін енгізу тәжірибесін зерттейді (ФОТО, ВИДЕО)
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты энергияның баламалы түрлерін енгізу тәжірибесін зерттейді (ФОТО, ВИДЕО)
Сейітбек Қуанышбаев атап өткендей, Қостанай облысында Қазақстанда енгізуге іріктелген 105 технологияның 10 жобасын іске асыру жоспарланған.
Атап айтқанда, Арқалық қаласында «ақылды» жарықтандыру және «жасыл» технологиялар сияқты «ақылды» қала жүйесінің элементтерін енгізу жоспарланған.
«Арқалық қаласындағы баламалы қуат көзін енгізудің алғашқы тәжірибелерінің бірі «Алюминстрой» ЖШС-нің қуаттылығы 3,5 кВт жел генераторлары мен күн батареяларын қолдану болып табылады. Аталған жобалар практикалық пайда ғана емес, сондай-ақ Ы. Алтынсарин АМПИ студенттеріне оқу үдерісінде көмектеседі. Себебі, ЖОО басшылығы мен «Алюминстрой» ЖШС арасындағы әлеуметтік серіктестік туралы меморандум негізінде бұл қондырғылар «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге оқу тәжірибелерінен өту базасы ретінде қызмет етеді», — деп атап өтті С. Қуанышбаев.
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты «Экспо-2017» көрмесі барысындағы бірқатар іс-шараларға, сондай-ақ көрме аясындағы шараларға қатысы.
«Институттың студенттері мен оқытушылары көрме тақырыптарына қатысты мәселелерге зерттеулер жүргізді. Зерттеу нәтижелері бойынша 15-тен астам ғылыми жұмыстар жарияланып, бір ғылыми жоба орындалды», — деп мәлімдеді ректор.
«Бір мамандық – бір инновациялық аудитория» принципі бойынша оқу үрдісін ресурстық жабдықтауды дамытуға бағытталған ЖООішілік жобаның аясында материалды-техникалық базаны жаңғырту үрдісі басталды.Алғашқы қадамдардың бірі ретінде «Физика» және «Информатика» мамандықтарының студенттеріне арналған «Роботты техника» оқу зертханасының сатып алынуы болды.
Бұдан өзге, 2018 жылы «Экспо-2017» көрмесінде Украина мемлекеті ұсынған зертханаларды автономды электрлі қамтамасыз етуге арналған күн энергиясын электрлі энергияға айналдыратын, терезе жалюздеріне фотоэлектрлі элементтерді монтаждайтын Solar gaps жүйесін сатып алу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, спикер барлық факультеттерде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді біріктіретін зерттеу топтары құрылғанын атап өтті. Студенттердің ғылыми жұмыстарын ынталандыру мақсатында жыл сайын институт ректорының грантына ғылыми жобалар байқауы өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар институт ғылыми жұмыстарды өткізу, оның ішінде «жасыл» технология мен «ақылды» энергетика мәселелерін жоспарлау аясында Әулие Кирилл мен Мефодий университетімен (Словакия) және Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғанын айтты.
«Осылайша, «Экспо-2017» халықаралық көрмесі жасыл экономикаға көшу барысындағы мемлекет экономикасының барлық салалары бойынша әрі қарай даму мен жаңғыртудың бастапқы алаңы болып отыр. Көрме мұрасын біз және студенттер әрі қарай зерттейтініміз сөзсіз», — деп түйіндеді ректор.
Қайрат Жандыбаев
Азамат Әлиев
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады