- Басты
- Жаңалықтар
- ПМПИ-де ЭКСПО-2017-де ұсынылған инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы (ФОТО, ВИДЕО)
ПМПИ-де ЭКСПО-2017-де ұсынылған инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы (ФОТО, ВИДЕО)
Ректордың айтуынша, «Экспо-2017» көрмесіне волонтер ретінде ПМПИ-дің 100-ге жуық студенті атсалысты. Олар топпен жұмыс істеуден үлкен тәжірибе жинақтап, мәдениетаралық әрі ұлтаралық өзара іс-қимыл дағдыларын алды. Институт қаражаты есебінен 450 адам көрмені аралап, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерімен танысты.
«Айта кеткен жөн, «Экспо-2017»-ге қатысу бізге зерттеулердің жаңа бағыттарын дамытуға жол ашты. Біздің ғалымдардың көрме алаңдарында көрсетілген бірқатар жобалары Ресей, Беларусь, Моңғолия, Қытай ғалымдарының қызығушылығын тудырды. АҚШ ЖОО-ларының өкілдерімен байланыс орнатылды. Mississippi Valley State University, University of California, San Diego университеттерімен қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы келісімшарттар технологиялар трансфертіне, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуге, сондай-ақ, студенттердің академиялық мобильділігін жүзеге асыруға септігін тигізеді», — деді А. Нұхұлы.
Спикердің айтуынша, Техас университетімен де ынтымақтастық орнатылған. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 4Н, FFA бағдарламалары зерделеніп жатыр. ПМПИ базасында аталған бағдарламалардың пилоттық жобасы іске асырылады.
Бүгінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында студенттердің дамуға бағытталған 17 әлеуметтік стартап және ПОҚ бағдарламасы ашылған.
ҚР мен Тель-Авив университетінің қауымдастығымен бірлесіп, «Жастар ортасында жастар кәсіпкерлігінің экожүйесін құру» жобасы жүзеге асырылуда. «Шай саңырауқұлағының табиғи қалпы негізінде биологиялық байытылған өнімнің өнеркәсіптік өндіріс технологиясын жасау» жобасы коммерцияланған. «Алтын Батыр Company» ЖШС-ны тіркеу туралы куәлік алынып, аталмыш жобаны іске асыруға қатысты 10 келісім шарт жасалды.
Қайрат Жандыбаев
Фото, видео: Азамат Әлиев
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы