- Басты
- Жаңалықтар
- Батыс Қазақстан жастары «Рухани жаңғыру» жобалары бойынша белсенді жұмыс жүргізуде
Батыс Қазақстан жастары «Рухани жаңғыру» жобалары бойынша белсенді жұмыс жүргізуде
«Оралда оқушылар мен жастарға арналған осындай зәулім сарайдың болғандығы мені қатты қуантты. Мұнда жастарға арналған әртүрлі үйірмелер, шағын орталықтар мен коворкинг орталығы бар, сондай-ақ мұнда жастардың шығармашылық тұрғыда дамуына және қоғам үшін пайдалы істермен айналасуына барлық жағдай жасалған. Орталық 3D-ақпараттық технологияларымен, сонымен қатар заманауи коммуникация құралдарымен жабдықталған. Біздің Министрліктің бағытының бірі - жастар саясаты болғандықтан, Батыс Қазақстан облысының жастары «Туған жер», «Атамекен», «Әлеуметтік бастамалар картасы» жобалары бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанына көзім жетті», - деді Нұрлан Ермекбаев.
Ведомство хабарлағандай, министр Батыс Қазақстан облысының жастарының қоғам үшін белсенді бастамалардан қалыс қалмай, өте тұщымды ұсыныстарымен көзге түсіп жатқандығын атап өтті.
«Жастар тарапынан қоғам үшін маңызды сауалдар келіп түсуде. Жалпы,қазіргі жастардың бойынан ынта-жігердің, болашаққа деген нық сенімнің лебі сезіледі. Осындай белсенді жастарға біз мемлекет тарапынан қолдау көрсетуіміз керек», - деді министр.
Оқушылар мен жастар сарайына қарасты «Бастау» коворкинг-орталығы биылғы жылдың қазан айында ашылған болатын. Коворкинг орталығының жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде жастардың бастамаларын дамыту, олардың қоғам өміріне белсенді атсалысуына бағытталған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда