- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында автоматты газ бөлу станциясы іске қосылды
Алматы облысында автоматты газ бөлу станциясы іске қосылды
Еңбекшіқазақ ауданын газдандыру жобасын жүзеге асыру аудан орталығы Есік қаласынан басталды. Есік қаласындағы АГТС құрылысы 2016 жылы аяқталып, биылғы жылдың көктемінде аяқталған болатын. Жоба құны 4,2 млрд. теңгені құрайды. АГТС қуаттылығы - сағатына 50 мың текше метр, бұл өз кезегінде 109 көп қабатты үйді, 5979 жеке үйлерді, 3880 әлеуметтік-тұрмыстық сектор нысандарын, 4 өнеркәсіп орнын көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік береді.
Есік қаласындағы абоненттердің жалпы саны - 12781 бірлік. Жуық арада Шелек қаласында АГТС іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Қапшағай қаласын газдандыру процесіне инвестор «КазМезГаз» ЖШС зор үлес қосты.
«Жергілікті атқарушы органдар мен инвесторлардың бірлесе атқарған жұмысының арқасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде «Байсерке-Қапшағай» магистралды газ құбырының және Қапшағай қаласындағы газ тарату жүйесінің құрылысы жүзеге асты. Енді жуық жылдарда Қапшағайдағы 282 көпқабатты үй, жеке сектордағы төрт мыңнан астам үй, 20-дан астам кәсіпорын табиғи газға қосылатын болады», - деді А.Байжанов.
Сөйтіп мемлекет қолдауымен және облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрақты қадағалауының нәтижесінде Жетісу өңірін газдандыру жобасы өзінің сәтті жалғасын тауып келеді.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда