- Басты
- Жаңалықтар
- Асқар Мамин Әзербайжан Президентімен кездесті
Асқар Мамин Әзербайжан Президентімен кездесті
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлауынша, А.Мамин Әзербайжан басшысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізіп, биыл сәуірде Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынасының ары қарай дамуына серпін берген Бакуге жасаған ресми сапарының маңызын атап өтті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық қарым-қатынастың барлық спектрі бойынша ынтымақтастың даму болашағы талқыланды.
«Әзербайжан - Кавказ өңіріндегі Қазақстанның ірі стратегиялық серіктесі саналады», - деді А.Мамин.
Кездесу кезінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары хабарлағандай, Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясы 2017-2020 жылдарға арналған ҚР мен ӘР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бойынша Жол картасын дайындады.
И.Әлиев Транскаспий халықаралық көлік қатынасының әлеуетін ұлғайту және Баку-Тбилиси-Карс жолын пайдалануға берудегі Қазақстанның маңызды рөлін атап өтті.
«Заманауи логистикалық инфрақұрылымның сауда ағындарын қамтамасыз ету және жеткізу жылдамдығы мен баға бойынша сапалы қызмет көрсету - транзиттік дәлізге қатысушы елдердің жаңа нарықты игеруіне және жүк ағындарын тартуына мүмкіндік береді», - деп атап өтті А.Мамин.
Тараптар Ақтау, Құрық және Алят сауда порттарының қызметін синхрондау қажеттігін атап өтті. Кездесуде тараптар сауда айналымын арттыру, сондай-ақ Әзербайжанға жылына 1 млн тонна қазақстандық астықты жеткізу бойынша шаралар қабылдауға келісті.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
ТКШ: 2607 жаңа басқару нысаны құрылды -
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді