- Басты
- Қазақстандық жолдар қыста пайдалануға дайын – Р.Исаев
Қазақстандық жолдар қыста пайдалануға дайын – Р.Исаев

«Қазіргі уақытта жалпы ұзақтығы 174 шақырым болатын Астана - Теміртау (132 км) және Алматы - Қапшағай (42 км) жол учаскелерінде ақылы жүйе мен зияткерлік көлік жүйесін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл жыл аяғына дейін жүйені тәжірибелік пайдалану бағытында іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, ұзақтығы 5 мың шақырымнан асатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ақы алу жүйесі мен зияткерлік көлік жүйесін жобалау жұмыстары басталды. Бұл - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізі, Щучинск-Петропавл-РФ шекарасы (Қорған), Астана-Қостанай-РФ шекарасы (Троицк), Астана-Павлодар, Павлодар-РФ шекарасы (Омбы) учаскелері, Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы (Самараға), Орал-РФ шекарасы (Саратов), Ақтау-Бейнеу, Атырау-Доссор-Бейнеу-Бекжігіт- Өзбекстан шекарасы және Қапшағай-Талдықорған бағыттары. Ұзақтығы 304 шақырым болатын «Алматы-Қорғас» учаскесінде төлем жүйесін салуды бастау жоспарланып отыр »,-деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Рустам Исаев.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, ақылы жолдан жиналған қаржы 1 млрд. теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 4%-ға артық.
«ҚР ИДМ Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, экономикалық, әлеуметтік факторларды, автокөлік құралдарының экологияға тигізетін әсерін және т.б. ескере отырып, ставкаларды қалыптастыру әдістемесі бойынша халықаралық сарапшы консультант тартты», -деді Рустам Исаев.
2020 жылға қарай ұлттық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында 260 жол қызмет көрсететін объектіні салу және жаңғырту жоспарланып отыр. Олар Ұлттық стандартқа сәйкес келеді. 2017 жылдың соңына қарай жол бойындағы 136қызмет көрсету нысандары Ұлттық стандартқа сай жасалатын болады.
«2017 жылдың соңына қарай 2 жол сервистік павильоны қосымша орнатылады. Аал 2018 жылы қазіргі заманғы талаптарға сәйкес әзірленген тағы 10 павильон іске қосылады. Олар азық-түлік бекетіне, жақсы жабдықталған дәретханаларға және тағы басқа да қызмет көрсету нысандарына арналған. Бұлар жыл он екі ай тәулік бойы қызмет көрсететін болады», - деп толықтырды ол.
«Казахавтодор» ЖШС алдағы қысқы кезеңде республикалық маңызы бар автожолдарды дайындауға кірісті.
«Олар – жол-құрылыс техникасы, өндірістік нысандар, жолдарды тазарту, су құбырларындағы тесіктерді жабу, уақытша жол белгілерін орнату, көмір дайындау, мұз жолға төсейтін заттар», - деп түйіндеді Рустам Исаев.
Қайрат Жандыбаев
-
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция
-
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда
-
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда
-
Қ.Тоқаев: Локдауннан ертерек шығудың бірден-бір жолы – вакцина
-
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі
-
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ
-
Сақтандырылған қазақстандықтар саны 1 млн-ға артты
-
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі
-
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім
-
Ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсарин
-
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері
-
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі

