Ауылдық округтердің әкімдері жергілікті бюджетті жүргізуді үйренуде

16 Қараша, 2017 17:42
Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылғы сәуір-тамыз аралығындағы кезеңде мемлекеттік басқару академиясында оқыған жаттықтырушыларды тарта отырып, ӨОО базасында ауылдық округ әкімдері мен олардың аппараты қызметкерлеріне оқыту ұйымдастырып, өткізді.

Әкімдер аппараттарының 2861 қызметкері, оның ішінде 916 әкімі оқыды. Оқытудың қорытындысы бойынша өткізілген материалды меңгеру деңгейін анықтау мақсатында қызметкерлер Академия порталында электрондық тестілеуден өтті.

Өткен сайлаудың қорытындысы бойынша 1416 ауылдық округ әкімдерінің 30% жаңадан сайланған әкімдер. Дәлірек айтатын болсақ, 957 - қайта сайланды, 459 - жаңадан сайланды.

Осыған байланысты облыстар әкімдіктеріне жаңадан сайланған әкімдердің өңірлік оқу орталықтары базасында арнайы курстардан өтуін қамтамасыз етуі тапсырылды. 

Барлық жаңалықтар