- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада МЖӘ аясында онкодиспансер жұмыс істейтін болады
Астанада МЖӘ аясында онкодиспансер жұмыс істейтін болады
Астананың МЖӘ жобаларының операторы ретінде қалалық Astana Invest инвестицияларды дамыту орталығы қолданыстағы 8 жобаны жүргізуде.
Сонымен, олар білім, транспорт, тұрғын үй және энергетика салалары. Астанада жақын арада бизнестің қатысуымен қосымш, мұғалім дайындаумен айналысатындар балабақшалар, колледж және де онкодиспансер ашылмақ. Ракпен ауыратындарды емдеу ауруханасын шетелдік инвесторлардың есебінен салуды жоспарлап отыр.
«Біз қазір онкологиялық емхананы жоғары деңгейге көтеру үшін бізге көмектесетін ірі халықаралық инвесторлар іздестірудеміз. Егер жүзеге асқан жағдайда науқастар емделу үшін шетел асып кетпей-ақ барлық емдеу процедураларын осында ала алатын болады», - дейді Astana Invest басқарма төрағасының орынбасары Жанар Мұсатаева.
МЖӘ аясында елорда аймағында жаңа демалыс зонасы пайда болуы мүмкін.
«Көңіл көтеру, демалыс аймағы саласын да дамыту жоспарланып отыр. Қала билігі жер учаскесі мен жағажай бөлді. Бөлінген 25 гектар жер жасыл аймақта орналасқан. Онда түгелімен жасыл орманға оранған әрі веложол бар. Біз ол жерді қоршап, жеке бизнестің қолына ары қарай көркейтуі үшін табыс етеміз», - дейді Ж.Мұсатаева.
Бұдан басқа, билік бизнестің көмегімен энерго саласын да ретке келтіруді жоспарлауда. Себебі, таяу арада Астанада көше шамдары мен лампалары пайда болса таң қалмаңыз.
«Жоба аясында біз толықтай жарықтандыруы жоқ көшелерді ауыстырсақ дейміз. Көшелерге ақылды іштей басқару жүйесі мен көшелерді жарықтандыру - диммирлі жүйені орнатуды көздейміз, яғни бағдарламаның қамтамасыз етуімен жарық өзі өшіп, жанып тұрады. Сондай-ақ, бұл бағдарлама қай шамда ақау барын бақылап тұруға мүмкіндік береді», - дейді Ж.Мұсатаева.
Astana Invest басқармасының төраға орынбасарының айтуынша, ұсынылған жобаның барлығы да сараптамадан өтуде. Билік инвесторларды МЖӘ – қазіргі және жоспарланып отырған жобаларды жүзеге асыруға шақыруда.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі