- Басты
- Жаңалықтар
- Ескерткіш монеталардың 400-ге жуық түрі шығарылды - Әмірбек Санкубаев (ВИДЕО)
Ескерткіш монеталардың 400-ге жуық түрі шығарылды - Әмірбек Санкубаев (ВИДЕО)
Экономиканың қай саласы болсын басты мақсаты табыс көзін ұлғайту, халықтың әл-ауқатын көтеру, еліміздің имиджін халықаралық деңгейде қалыптастыру болып табылады. Осы ретте ҚР Ұлттық банкінің ел имиджін қалыптастыру саласында атқарған шаруасы жетерлік. Бұл туралы «Strategy2050.kz» АА тілшісі даярлаған арнайы материалдан біле аласыздар.
«Ұлттық банк ескерткіш коллекциялық монеталарды шығарады. Алғашқы монета 1995 жылы дайындалып, шығарылған. Бүгінде алтыннан 51 түрлі ескерткіш монета, ал күмістен 201 түрлі және низельберг қоспасы бар 113 түрлі монета шағыралған. Айта кетер болсақ, барлық шығарылған монеталар арнайы серияларға арналған. Мәселен, салт-дәстүрге, ғарышқа, спортқа дегендей, арнайы тақырыпқа арналып шығарылған», - деді Әмірбек Санкубаев.
Оның айуынша, коллекциялық ескерткіш монеталарды шығаруда отандық және шетелдік шикізат пайдаланылады.
«Ескерткіш монеталарды шығаруда шикізат отандық және шетелдік болып бөлінеді. Айта кетерлік жайт, монеталар Ұлттық банктың Қазақстан теңге сарайында дайындалып шығарылады, жалпы толығымен отандық өнім деуге болады», - деп толықтырды ол.
Бұдан басқа, Әмірбек Санкубаев коллекциялық ескерткіш монеталарды шығарудағы мақсатқа тоқталды.
«Бұл ескерткіш коллекциялық монеталарды шығарудағы мақсат еліміздің тарихын, тарихи тұлғаларды, тарихи оқиғаларды, мәдениет құндылықтарымызды халықаралық деңгейде дәріптеу болып табылады. Бұл халықаралық тәжірибе. Әлемдегі барлық Орталық банктер ескерткіш коллекциялық монеталарды шығарумен айналысады. Орталық банктердің арасында жарыстар өткізіледі. Сонда еліміздің ескерткіш монеталары жүлделі орындардан көрініп жүр», - деп атап өтті спикер.
Жалпы, ескерткіш монеталарды сақтаудың негізгі екі шарты бар. Біріншіден, ең төменгі ауа температурасы 5 градустан төмен және ең жоғарғы ауа температурасы 40 градустан аспауы керек. Екіншіден, монеталар зауыттан шығарылғанда арнайы қаптамада болады, сондықтан механикалық бүлінуден сақтау үшін оны қаптамадан шығармаған жөн.
Айта кетер болсақ, күміс және низельберг коспасынан жасалған ескерткіш монеталардың бағасы 20 – 30 мың аралығында болса, алтыннан жасалған және бағалы тастармен әсемделген монеталардың құны 100 мыңнан жоғары басталады.
Мөлдір Асқарқызы
Видео: Азамат Әлиев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды