• Басты
  • Жаңалықтар
  • Биыл 3 мыңнан астам жұмыс орнын Индустриаландыру бағдарламасы қамтамасыз етеді

Биыл 3 мыңнан астам жұмыс орнын Индустриаландыру бағдарламасы қамтамасыз етеді

16 Қараша, 2017 13:31
Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, 2017 жылы 100 млрд теңгенің 24 жобасын іске қосу жоспарланған. Осы орайда республика бойынша 3 мың жұмыс орны ашылады.

Жалпы, бес жыл аралығында (2015-2019 жылдар) 300-400 нысанның құрылысы салынады деп жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 6 желтоқсанында Индустрияландыру күні аясында Телекөпір арқылы 18 жаңа жоба іске қосылады.

2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын өзектендіру ИИДМБ өнеркәсіптік саясаттың бір бөлігі болып табылады.

ИИДМБ-де 2019 жылға дейін өңдеу өнеркәсібіндегі төрт мақсатты индикатор қарастырылған: өңдеу өнеркәсібіндегі өнімдер экспортының құндық көлемінің өсімі, еңбек өнімділігінің нақты өсімі, негізгі капиталға инвестициялар көлемінің арттыру және оның энергия сыйымдылығын төмендету.

 

Барлық жаңалықтар