- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАгро» фермерлерді несиелеу процессін автоматтандырды
«ҚазАгро» фермерлерді несиелеу процессін автоматтандырды
Әңгіме АӨК субъектілерінің несиелеуге өз құжаттарын нақты уақыт режимінде қолайлы сервис арқылы беру үшін несие өтінімдерін жинақтау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы болып отыр. Әлеуетті қарыз алушы несие немесе лизинг алу үшін өтінімдерін Холдингтің несиелеуші компанияларының офистеріне бармай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде беру мүмкіндігін алады, осы ретте ол уақыт пен қаржы шығындарын біршама қысқартады.
Бұдан басқа, бұл жаңалық фермерге өзінің «Жеке кабинеті» арқылы өтінімдерді қарастыру процессін қадағалауға, кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
«ҚазАгроның» мамандары айтқандай, енгізілген жүйе Холдинг компаниясы бойынша қызмет көрсету процессінің ыңғайлылығы мен ашықтығын қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге бюрократиялық рәсімдерді азайтады және сыбайлас жемқорлық факторларының туындау мүмкіндігін болдырмайды.
Электрондық форматтағы несие өтінімдерін беру үш қадамнан тұрады: Клиент «ҚазАгро» ұлттық холдингінің интернет-порталында мақсат пен бағдарламаны таңдайды, құқығын белгілейтін құжаттарды бекітеді, несиелеудің таңдалған параметрлерін тексереді және жөнелтеді, содан кейін қалыптастырылған электрондық несие өтінімі тиісті еншілес ұйымға түседі. Несие өтінімін қарастыру нәтижелерін қарыз алушы Холдингтің порталындағы «Жеке кабинетте» бақылай алады. Бұдан басқа, несие менеджері «онлайн-режимінде» клиентке хабарлама жолдай алады және қажет болған жағдайда клиент несие өтінімін құжаттармен толықтыра алады.
Электрондық жүйені енгізу «ҚазАгроның» мамандарына электрондық форматтағы құжаттарды алуды автоматтандыруға, жобаларды қарастыру мерзімін азайтуға, аграрлардың «бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсетуге ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Несие өтінімдерін жинақтау және өңдеу жүйесін дамыту шеңберінде, Холдинг оның функциональдық мүмкіндіктерін кеңейту – кепілдік алуға өтінімдерді, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға өтінімдерді беруді автоматтандыру, мемлекеттік органдар жүйелерімен біріктіру, АӨК барлық субъектілері үшін толық функциональдық call-орталықтарын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, субсидиялаудың үш түрі бойынша (несие және лизинг бойынша мөлшерлеме, тыңайтқыштар, гербицидтер) қарастыру, мақұлдау және төлеуді қабылдау процестерін толық автоматтандыру аяқталды. 2018 жылы субсидияның қалған 51 түрі бойынша аяқтау жоспарланады. Бұл мемлекеттік қызмет алуды жеңілдетуге, мерзімін орташа 18 күннен 1 күнге дейін қысқартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
-
Фермерлердің блок бекеттерден кедергісіз өту мәселесі қаралды -
«ҚазАгро» мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы меморандумға отырды
-
«Бірлік» несиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізілді -
«ҚазАгро» реформалау жұмыстарын қалай жүргізіп жатыр
-
«7-20-25» бағдарламасы аясында 200 млрд теңге ипотекалық несиелеуге жұмсалады – Ұлттық банк -
Шағын несиелеуді дамыту үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінеді -
Сенат депутаттары өңірдің АӨК өсіміне үлес қосқан павлодарлық фермерлердің еңбегін атап атап өтті -
АШМ-де ауыл кәсіпкерлігін шағын несиелеу туралы айтып берді -
Владимир Путин Астана процессін өткізгені үшін Қазақстанға алғыс білдірді (ВИДЕО) -
Батыс Қазақстан облысында ауылдық шағын несиелеуге қосымша 600 миллион теңге бағытталады -
Маңғыстау облысында шағын несиелеуге 474 млрд теңге бөлінді -
«ҚазАгро» Ұлттық холдингі инвестициялық жобаларды жүзеге асырады (ИНФОГРАФИКА) -
Қалаларда кәсіпкерлерді микронесиелеу үшін 10 млрд теңге бөлінді -
Білімді арттыру фермерлердің өнімділігін ұлғайтуға көмектеседі - Ж.Дулатов (ВИДЕО) -
«Бәйтерек» ҰБХ-ның экономиканың шикізаттық емес секторларын ұзақ мерзімді несиелеуге қосқан үлесі 57% құрады