- Басты
- Жаңалықтар
- Токио астаналық орталық кітапханасында Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды
Токио астаналық орталық кітапханасында Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды
Ruh.kz хабарлағандай, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы 2016 жылдан бастап шетелдердің Ұлттық кітапханаларында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығын ашу халықаралық жобасын іске асыруда. Қазіргі кезде әлемнің 11 елінде: Корея, Қырғыстан Республикасы, Финляндия, Венгрия, Малайзия, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Францияда Орталықтар ашылып қызмет етіп жатыр.
«Қазақстан әдебиеті орталығының ашылуы Токио астаналық орталық кітапханасы оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен оның экономика, саясат, әлеуметтік салалардағы табыстарын көпшілікке таныстыруға жол ашады», - деп атап өтті қатысушылар.
Орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, соның ішінде, Елбасының әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптары, тарих, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеті бойынша кітаптар ұсынылады. Барлығы 200-ге жуық кітап тапсырылды. Бұл кітаптар жапон оқырмандары арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, қазақтын бай мәдени мұрасын тануға мүмкіндік берері сөзсіз.
Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің ықпалдасуымен ашылды.
Естеріңізге сала кетейік, Токио астаналық орталық кітапханасы 1973 жылы Токио астаналық кітапханасы ретінде құрылды. Оның қорында 1,98 миллионға жуық кітап, 6000 журнал мен газет, әртүрлі аудиовизуалды және сирек құжаттар (Ukiyo-e мен Эдо мұнарасының архитектуралық эскиздері) бар. Сонымен қатар, Орталық кітапхана Токиодағы қоғамдық кітапханалардың арасында шетел әдебиетінің айрықша коллекцияларын сақтаған. Бұл коллекция Орталық кітапханада бар жалпы қордың 1,71 миллион томның оннан бір бөлігін құрайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер