- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада апатты жағдайдағы үйлерден 1863 отбасы көшіріледі
Елордада апатты жағдайдағы үйлерден 1863 отбасы көшіріледі
Ағымдағы жылға елордада 111 апатты жағдайдағы үйлерде тұратын 1863 отбасыны жаңа баспанаға көшіру жоспарланған, деді медиа орталықтың тілшісіне Тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов.
Қазіргі таңда 98 төтенше жағдайдағы үйде тұрып жатқан 1425 отбасы көшіріліп жатыр.
«Елорада апатты үйлерді күреу бойынша қанатқақты жоба «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Аталған жоба зор әлеуметтік маңызға ие және тұрғындардың тұрғынжайын жақсартуға бағытталған», - деді Р.Ахметов.
Бағдарламаның бірінші кезеңінде кешенді тексеру нәтижесінде қаладағы 228 нысан апатты болып танылды. Осы жылдың басында 117 апатты үй күрелді. Қазіргі күні98 үйде тұратын шамамен 1,5 мың отбасыны көшіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал қалған тозығы жеткен 13 үйдің тұрғындары нысандардың тапсырылуына қарай жыл соңына дейін көшіріледі.
Қанатқақты жобаның шартына сәйкес Астана әкімдігі апатты үйлерді күреп, оның орнына баспананың ауданына сәйкес жаңа тұрғынжай береді. Көшіру кезінде пәтердің ауданымен бірдей баспана ұсынылады.
«Бұл жағдайда апатты үйлердің тұрғындары жаңа баспанаға көшіру кезінде отбасы мүшелерінің саны мен төтеншежағдайдағы үйдегі бөлме саны есепке алынбайтынын ескеруі керек», - деді Р.Ахметов.
Күреуге инжинерлік желілері мен құрылыс конструкторлары тозған, негізінен 1940-1980 жылдар аралығында салынған үйлер жатады.
Елорданың бас жоспары мен Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасына сәйкес күрелген үйлердің орнына саябақ, гүлзар мен бульварлар құрылысын жүргізу көзделіп отыр.
2013-2016 жылдар аралығында 117 апатты үй күреліп, 1570 отбасы жаңа әрі жайлы баспанаға көшірілді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан