• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат ТМД қатысушы мемлекеттері әуе кеңістігін қауіпсіз пайдалану туралы заң жобасын ратификациялауды талқылайды

Сенат ТМД қатысушы мемлекеттері әуе кеңістігін қауіпсіз пайдалану туралы заң жобасын ратификациялауды талқылайды

14 Қаңтар, 2014 16:14
ҚР Сенаты ТМД қатысушы мемлекеттері күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс заңын ратификациялауды талқылайды, деп ҚР Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР Парламент Сенатының халықаралық қатынастар  комитеті «ТМД қатысушы мемлекеттері күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқылады», - делінген хабарламада.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров атап өткендей, Аталмыш келісім 2011 жылғы 3 қыркүйекте Душанбеде жасалған.  Келісімнің мақсаты – әуе кеңістігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, терроризмге қарсы іс-қимыл жасау, әуе кемесін басып алу, ұшырып әкету кезінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің іс-қимылдарын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету болып табылады. Осы ереже келісімнің ажырамас бөлігі.

Талқылаудан кейін сенаторлар палатаның құзырына заң жобасын енгізуді тапсырды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар