• Басты
  • Жаңалықтар
  • Депутаттар мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы проблемаларды атады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Депутаттар мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы проблемаларды атады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

16 Қараша, 2017 09:13
ҚР Мәжілісінің экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің депутаттары арнайы мамандандырылған ХҚКО-да, №8 ХҚКО бөлімінде, «ҰАТ»АҚ бірыңғай байланыс орталығында, сонымен қатар Астананың жаңғыртылған ахуал орталығында болды. Бірлескен сапарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы ұйымдастырды.

Депутаттар журналистерге төменгі Палата мемлекеттік қызметтердің жетілдіру мәселесін келесі аптада қарастыратыны туралы айтып берді.

«Мысалы, бүгін арнайы мамандандырылған ХҚКО-ға қандай кемшіліктеріміз бар екенін көруге келдік және оны жеттілдіруге тырысатын боламыз.  Ертеректе адамдар мұнда апталап жүретін, кейін бір-екі күнде мәселелерін шешетін болды, енді бір-екі сағатта бар тірлігіңді тындырып кете аласын. Алайда бұл екі сағатта деген стандартта жазылған, бұл процедуралардың барлығын отыз минутта өтуге болады. Сондықтанда бізге стандарттар мен регламентті ауыстыруы керек. Біз Грузияның тәжірибесіне таңғалдық, олар оның барлығын 7 минутта өткізеді. Біз осыған ұмытлуымыз керек», - деп атап өтті Мәжіліс депутаты Майра Айсина. 

Бүгінде депутаттар ІІМ бірлесіп  ұрланған көліктерді анықтау мәселесі бойынша жұмыс істеп жатыр.

Депутаттың айтуынша, шиеленісіп тұрған мәселе көші-қон қызметіне байланысты.

«Көші-қон қызметі біз қалағандай жақсы жұмыс істемейді. Біріншіден, мамандар жетіспейді. Сонымен қатар, бізге ХҚКО мамандары 20:00 ге дейін жұмыс істесе, көші-қон қызметкерлері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтіні ұнамайды. Біз олардыңда ХҚКО қызметкерлері сияқты  20:00-ге дейін отырғанын қалаймыз», - деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар, Майра Айсинаның әріптесі Павел Казанцев атап өткендей, мемлекеттік қызмет жүйесі жетілдіріліп тұруы керек және лайықты деңгейде жұмыс істегені жөн.

«Жалпы, біз жүйенің құрылғанын көріп отырмыз. Біз көлік жүргізуге куәліктің қалай берілетінін байқадық, жалпы адамдар екі сағатта рәсімделуі керек екенін біледі», - деп атап өтті Павел Казанцев.

П.Казанцев аудандық деңгейде де барлық мемқызметтерді барынша көрсетуді насихаттау керек.

«Бізде ЭСҚ пайдаланатын аз ғана қазақстандықтар бар, өкінішке орай мәселенің барлығы аудандық деңгейде көптеген қызмет түрлерінің көрсетілмеуіменен байланысты ғой деймін», - деді ол. 

Депутаттың айтуынша, Астана мен Алматы және бірқатар аудандар мемқызметті көрсету бойынша басымдықтарға ие. Мәжілістің міндеті Үкіметпен бірлесіп нормативті актілерге қандай өзгерістер енгізу керек екенін және аудандарға жету үшін бюджетті бөлу мәселесін қарастыратын боламыз.

Ақбота Күзекбай

Фото: Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар