- Басты
- Жаңалықтар
- Президентке жаңа үлгідегі онкологиялық орталықтың құрылысының барысы туралы есеп берілді
Президентке жаңа үлгідегі онкологиялық орталықтың құрылысының барысы туралы есеп берілді
15 Қараша, 2017 19:51
Мемлекет басшысы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде Абай Байгенжин Қазақстан Президентіне медициналық орталық қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндады.
«2003 жылдан бері кардиологиялық аурулардан болатын адам өлімінің саны үш еседен артық қысқарды. Дей тұрғанмен, елімізде онкологиялық ауруларға қатысты ахуал күрделі болып тұр», – деді «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа 2018 жылғы маусымда іске қосылуы жоспарланып отырған жаңа үлгідегі «Томотерапия» онкология орталығының құрылысы жөнінде мәлімделді.
Кездесу соңында Елбасы Қазақстандағы онкологиялық ауруларды емдеу ісін одан әрі жетілдіру мәселесі бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады