- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Церебралды сал ауыруына шалдыққан балаларға арналған жаңа оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Астанада Церебралды сал ауыруына шалдыққан балаларға арналған жаңа оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Орталық «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының «Сау балалар» бағдарламасының аясында ашылып жатыр.
Мұнда ай сайын аз қамтылған отбасылар мен балалар үйінен 56-ға жуық баланы қабылдау жоспарланған. Оңалту курсы 10 күнге созылады.
Орталықтағы балалар әр 2-3 ай сайын оңалту курстарынан өтіп тұрады деп жоспарланған.Бұл бала дамуының ерте сатыларында жан-жақты оңалту көмегін көрсетіп, церебралды сал ауыруына шалдығу қаупі бар балалардың даму әлеуетін жақсартуға үлкен мүмкіндік береді.
«Жалпы, Қазақстанда 19 мың ЦСА диагнозы бар бала бар, оның 20 пайызы ғана оңалтудан өтіп, ем қабылдайды. Бұл өте қынжылтатын мәселе. Себебі, дерт оңалтуды, емделуді міндетті түрде қажет етеді. Сондықтан бұл проблеманы шешуге белсенді қатысып жатырмыз. Бүгінгі орталықтың ашылуы сәби кезден бастап балаларға оңалу мүмкіндігін сыйлайды. Бала дұрыс оңалтудан өтсе мүгедектікке шалынбауы мүмкін», - деді «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Лима Диас.
Айта кетейік, «Қасиетті жол» Қайырымдылық қоғамдық қоры 2009 жылы Қазақстанда балаларға қолжетімді және сапалы ем беру мен қайырымдылық көмек көрсету мақсатында құрылды. "Samruk-Kazyna Trust" қорының қолдауымен 9 Балалар үйі сапалы оңалту жабдықтарымен қамтамасыз етіліп, 2014 жылы Астана қаласында аз қамтылған отбасылар мен балалар үйіндегі нейро-ортопедиялық потологиясы бар балаларға арналған көпсалалы оңалту орталығын ашты. 2017 жылы Шымкент қаласында да церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы ашылады.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері