- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Б.Сағынтаевпен кездесті
Мемлекет басшысы Б.Сағынтаевпен кездесті
Мемлекет басшысы кездесу барысында Үкіметтің жыл басынан бері атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелеріне тоқталып, экономиканың түрлі секторындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды одан әрі сапалы іске асырудың маңыздылығына назар аударды.
« Жыл аяқталып келеді. Осы уақыт ішінде көп жұмыс атқарылды. Біз ЭКСПО көрмесін, Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитін өткіздік. Басқа да салалардағы жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Жалпы, экономикамыз тұрақты дамып келеді», – деді Елбасы.
Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Президентіне биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары жөнінде баяндап, бірнеше көрсеткіштер мен индикаторлар бойынша оң өзгеріс бар екенін атап өтті.
«Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім 4 пайызға өсті. Барлық 6 сала бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикаторлардың оң өсімі байқалуда. Сондай-ақ, жыл соңына дейін еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамыз», – деді Премьер-Министр.
Бұдан бөлек, Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевты жалпы капиталға салынған инвестиция көлемі 6,5 пайызға өскені жөнінде хабардар етті. Премьер-Министр бұл индикатор бойынша негізгі өсім ел экономикасына тартылған жеке инвестициялар көлемінің артуы есебінен болып отырғанын айтты.
Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады