Алыс шетелге бидай экспорты артты – ҚТЖ - Жүк тасымалдары

15 Қараша, 2017 13:26
Түсімнің сапалық көрсеткіші бидай мен ұн экспорты құрылымының өзгеруіне алып келді. Алыс шетелге, атап айтар болсақ Италия, Түркия, Иран, Ауғанстан сынды елдерге экспорт көлемі артты, сәйкесінше бидай тасымалдаушылар мен жабық вагондарға деген қажеттілікте көбейді. Бұл туралы «ҚТЖ – Жүк тасымалдары»АҚ президенті Оралхан Құлақов Үкіметтегі баспасөз конференциясында хабарлады.

«Ағымдағы жылдың он айында өткен жылдың деңгейінде 6,7 млн тонна бидай тасымалданды. Қазақстанның географиялық орналасуы және көлік инфрақұрылымының мүмкіндіктері елімізге 1,5 млн тонна  (1 млн тонна бидай және 300 мың тонна үн) көлемінде жаңа өнімді тасымалдауға мүмкіндік береді.  Түсімнің жақсы сапалық және көлемдік көрсеткіші бидай мен ұн экспорты құрылымының өзгеруіне алып келді.  Алыс шетелге, атап айтар болсақ Италия, Түркия, Иран, Ауғанстан сынды елдерге экспорт көлемі артты, сәйкесінше бидай тасымалдаушылар мен жабық вагондарға деген қажеттілікте еселене түсті», - деді Оралхан Құлақов Үкіметтегі баспасөз конференциясында.

Ол атап өткендей, кемежайлар бағытында бидай тасымалы күрт өсті. Өсім Каспий мен Қара теңіз кемежайлары бағытында болып отыр. Осы ретте, көптеген жағдайларда арнайы бидай тасымалдаушылардың немесе кемелердің болмауынан, терминалдардың босамауынан бидайдың тұрып қалуы немесе күту жағдайлары көбейді. 

Барлық жаңалықтар