Қазанда еліміздегі халық саны көбейді

15 Қараша, 2017 17:12
2017 жылғы 1 қазанға еліміздегі халық саны 18 096,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 383 ,3 мың (57,4%), ауылдықтар – 7 713,6 мың адамды (42,6%) құрады. 2016 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 231,3 мың адамға немесе 1,3% өсті, деп хабарлады ҰЭМ баспасөз қызметі.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте туылғандар саны 293,3 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 6,2% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,74 туылғандарды құрады.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 18,0 мың адамға немесе 8,5% кеміп, 194,9 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,45 адамды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 98,4 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,3% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,29 қайтыс болғандарды құрады.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикада 1 жасқа дейінгі 2386 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда

1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 13,0% азайды.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1195 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,1% құрады. Туа біткен ауытқулардан 574 немесе 24,1%, тыныс органдары ауруларынан – 151 немесе 6,3% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 129 немесе 5,4% нәресте қайтыс болды.  2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,14 құрады.

 

Барлық жаңалықтар