- Басты
- Жаңалықтар
- Әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жаңа келісім еңбекке қолайлы жағдай туғызады
Әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жаңа келісім еңбекке қолайлы жағдай туғызады
Бұл құжат әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу принциптеріне негізделетін болады. Сонымен бірге, елдің экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және адам капиталындағы инвестицияларды арттыруға сеп болады.
Құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде талқыланды.
Жұмыс тобының отырысына Ұлттық экономика, Қаржы, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Инвестициялар және даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің мамандары мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Kazenergy» қауымдастығы, жұмыс берушілер конфедерациясы, Кәсіподақтар федерациясы, ірі жұмыс берушілер мен кәсіподақтардан келген өкілдер қатысты.
Еске сала кетейік мұның алдындағы құжатқа 2014 жылы қол қойылған болатын. Ал, осы жолғы келісімнің мақсты - оған қатысушылардың өзара іс-қимылын тиімді реттеу арқылы лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету. Құжат тиімді жұмыспен қамту және адам капиталын дамыту, еңбек өнімділігі мен еңбекақы төлеу, әлеуметтік саясат, еңбек қорғау және әлеуметтік серіктестікті дамыту мәселелерін қарайды. Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру секілді еңбек қатынастарының аспектілерін қарастырады.
Жұмыс тобына қатысқандар өз ұсыныстарын Келісімнің жаңа редакциясына жолдады. Бұл - кәсіби білім беру жүйесін жаңғырту, кадрларды сертификаттауды қалыптастыру, кәсіби ұтқырлықты дамыту, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру және тағы басқа мәселелер бойынша міндеттемелердің пакеті болып табылады.
Келісімнің соңғы нұсқасына қол қою 2017 жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған. Бұл келісім 2018 -2020 жылдар аралығын қамтымақ.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді