• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы әкімі метрополитеннің екінші кезегін мерзімінен бұрын дайын болуын тапсырды

Алматы әкімі метрополитеннің екінші кезегін мерзімінен бұрын дайын болуын тапсырды

14 Қаңтар, 2014 16:00
Бүгін «Мәскеу» стансасының оң жақ өтпесінің салтанатты ашылуы өтті. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов екінші кезекті мерзімінен бұрын орындалуын тапсырды.

Салтанатты шарада «Мәскеу өтпесі қосылды. Ахметжан Есімов бұл шараның Алматылық метрополитенге ғана емес, толық Алматы қаласының дамуына өз септігін тигізетінін айтты.

Сондай-ақ, метро құрылысын қаланың Алматы облысқа қарай шекарасына жалғастыру көзделіп отыр, өйткені қалаға кіретін адамдар көліктерін қала сыртында қалдырып, қала ішінде экологиялық таза отынды көлікпен жүруі тиіс. Бұл шара көлік кептелісін болдырмай, әрі Алматы экологиясының ластануы мәселесін жеңілдетпек. 

«Бүгін Алматылық метро тарихында елеулі  оқиға. Мәскеу стансасына дейін оң қаптал өтпелінің қосылуы жүзеге асты. Бұл жылдың міндеті екі стансаны аяқтау. Бұл үрдіс қала ортасындағы аудандарды біріктіруге өз септігін тигізеді. Біз Алматы облысының батыс аудандарына шығуға қадам жасамақпыз», - деді А. Есімов.  

 

Барлық жаңалықтар